Astana Finance Days 2025: форумның өтетін күндері белгілі болды  

«Astana Finance Days» (AFD) VIII халықаралық форумы 2025 жылдың 4-5 қыркүйегінде Астанада өтеді. Іс-шараға 5000-нан астам қатысушы жиналады деп күтілуде. 

2018 жылы алғаш өткізілгеннен бері AFD өзін қаржы, инвестициялар және орнықты даму үрдістерін талқылауға, сондай-ақ іскерлік келісімдер жасасуға және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер табуға арналған негізгі алаң ретінде танытты.  

2024 жылы форумға 70 елден 4000-нан астам қатысушы қатысты.   

Astana Finance Days 2025: Болашақтың негізін қалайтын капитал

2025 жылдың тақырыбы «капитал болашақты қалыптастыратын жер»  «capital-капитал» сөзінің қос мағынасын қамтиды: Астана – Қазақстанның астанасы және Шығыс пен Батысты және орнықты өсімді қамтамасыз ететін капиталдың негізгі формаларын (қаржылық, әлеуметтік және адами, табиғи және өндірістік) біріктіретін қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығы. Капитал үшін жаһандық бәсекелестік дәуірінде бұл ресурстарды тиімді пайдалану – климаттың өзгеруінен бастап экономикалық даму мен технологиялық прогресті ынталандыруға дейінгі қазіргі заманның сын-тегеуіріндерін еңсерудің кепіліне айналуда.

AFD 2025 қатысушылары қаржы, финтех және орнықты дамудың өзекті үрдістерін терең талқылауға қатысады, реттеу жүйесіндегі өзгерістермен және жаңа қаржы өнімдерімен танысады, сондай-ақ стратегиялық серіктестіктер орнату үшін сала көшбасшыларымен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және инвесторлармен іскерлік байланыстар орната алады.

Серіктестік мүмкіндіктері 

AFD дәстүрлі түрде серіктестер мен демеушілердің қолдауымен өткізіледі.

2024 жылы форум толығымен демеушілік қолдау есебінен қаржыландырылған болатын. Серіктестер арасында Visa, Freedom Broker, Eurasian Bank, Bitfinex Securities, ITS, Mastercard және т.б. болды.

AFD 2025-те де осы формат сақталады және демеушілік қаражатпен ұйымдастырылады. Саланы дамытуға, нарықтағы позицияларын нығайтуға және қаржы көшбасшыларымен Іскерлік байланыстар орнатуға мүдделі компаниялар AFD 2025 демеушілері ретінде ынтымақтасуға шақырылады. 

Жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар! 

Іс-шара бағдарламасы, тіркеу және қатысу форматтары туралы ақпарат форумның жаңартылған сайтында жарияланады, бұл туралы біз қосымша хабарлаймыз. 

Форум мәселелері жөнінде [email protected] эл. мекенжайына хабарласыңыздар.  

AIFC AI assistant