Нұрсұлтан Серікбай

Бас директор – Аппарат Басшысы

image

Білім

2011 жылы КИМЭП Университетін мемлекеттік басқару саласында бакалавр дәрежесімен, 2014 жылы Халықаралық құқық саласында магистр дәрежесімен бітірді. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Жұмыс тәжірибесі

Заң және қаржы саласында 11 жылдан астам тәжірибесі бар маман. 2017 жылға дейін мұнай-газ саласында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде, сондай-ақ Ұлттық инвестициялық корпорацияда жұмыс істеді.
Нұрсұлтан Серікбай 2017 жылы АХҚО-ға қосылып, көшбасшылық қабілеттері мен жоғары талдамалық дағдыларын көрсетті. Оның тәжірибесі мен кәсіби құзыреттілігі АХҚО-ның Үздіксіз кәсіби даму бюросын, Бизнесті дамыту жөніндегі департаменттер тобын және АХҚО-да Халықаралық әріптестіктер бөлімшесін іске қосуға және басқаруға жәрдемдесті.
2020-2022 жылдар аралығында ол Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігін құруға белсенді қатысты, онда Стратегиялық жоспарлау жөніндегі жұмысты басқарды және үйлестірді.

AIFC AI assistant