Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі «Әйелдердің экономикалық құқықтарын күшейту және әйелдер кәсіпкерлігіне инвестиция салу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) бірлесіп әйелдердің экономикалық құқықтарын кеңейту және әйелдер кәсіпкерлігіне инвестиция салу туралы виртуалды дөңгелек үстел өткізеді. Қатысушылар қатарында Қазақстанның жоғары лауазымды өкілдері, АҚШ үкіметі мен агенттіктерінің және халықаралық қаржы институттарының (Дүниежүзілік банк пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы) өкілдері енді. Дөңгелек үстел барысында кәсіпкер әйелдердің іскерлік мүмкіндіктерін кеңейту бойынша халықаралық әдіс-тәсілдер мен әйелдердің экономикалық құқықтарын күшейту бойынша Қазақстанның жұмысы талқыланады.

Шара 5-наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-20:30 аралығында (Вашингтон уақытымен 8:00-9:30 арасында) Zoom платформасында өтеді.

Баяндамашылар тізімі:

  • Ержан Қазыханов, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі
  • Дин Томпсон, АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Орынбасарының м.а.
  • Қайрат Келімбетов, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы
  • Айгүл Құспан, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
  • Карен Гроун, Гендерлік топтың жаһандық директоры, Дүниежүзілік банк
    • Катрина Фотоват, Жаһандық әйелдер мәселесі бойынша мемлекеттік хатшылық кеңсесі жетекшісінің м.а., АҚШ Мемлекеттік департаменті
    • Ләззат Рамазанова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық кеңес төрағасы, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі төрағасы
    • Анджали Каур, Әкімші көмекшісінің орынбасары, USAID
    • Пенелопа Наас, Мемлекеттік сектормен халықаралық байланыс және тұрақты даму бойынша Президент, UPS
    • Алек Пакстон, Әйелдер кәсіпкерлігіне инвестиция салу бағдарламасы (2X), Басқарушы директорының м.а., DFC.

 

Модератор:

  • Теодора Делл, Оңтүстік және Орталық Азия басқармасының директоры, USAID.

Тіркелу үшін мына сілтемеге өтуіңізді өтінеміз: https://aifc.zoom.us/webinar/register/WN_rHFxAuh6QrWqxqX0fBqeZw

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. https://aifc.zuweb.co