Венгрияның Экспорт-Импорт банкі АХҚО-да өкілдігін ашты

Бүгін АХҚО алаңында Венгрияның Экспорт-Импорт банкі Эксимбанктің өкілдігі ашылды.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов, Венгрия Сыртқы экономикалық қатынастар және сыртқы істер министрі П.Сийярто, Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Галошфаи және Эксимбанк Президенті және Бас Директоры Г.Якли қатысты.

Шараға қатысушылар қос мемлекет арасындағы сауда және экономикалық қатынастар соңғы жылдары артып келе жатқанын айта келіп, пандемияға қарамастан 2020 жылы да бұл қарқынның төмендемегенін мәлімдеді.

«Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығында банк кеңсесінің ашылуы өзара ынтымақтастықты нығайтып, алдағы уақытта әлеуетті қазақстандық әріптестермен жаңадан байланыс құруға ықпал етпек», – деді Эксимбанк Президенті және Бас Директоры Гергей Якли.

 

Анықтамалық ақпарат:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуында болып отыр.

АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары тұйық циклді экономиканы, қаржылық технологияларды және «цифрлық қаржы орталығын» дамытуды қамтиды. aifc.zuweb.co

Эксимбанк. Банктің негізгі қызметі венгриялық экспорттаушылар мен олардың тасымалдаушыларының және кәсіпорындарының жұмыс істеуіне ыңғайлы қаржылық және сақтандыру өнімдер ұсыну. Банктің міндеті отандық бизнестің халықаралық экспортта қолдау үшін қаржылық қызметпен қамтамасыз ету, шетелде жұмыс істеуіне жағдай жасау және тиімді қаржы құралдарын ұсыну. Банк қызметі ЭЫДҰ және ЕО-ның тиісті реттеушілері тарапынан бақыланады. Банктің басты мақсаты Венгрияның экспорттық әлеуетін арттыру үшін тауарлары мен қызметін сыртқы нарыққа шығару. www.exim.hu