Алматы қаласындағы «Сорбонна-Қазақстан» институтында АХҚО мәселелері жөнінде құқықтық семинар-тренинг өтті

2021 жылғы 24 ақпанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтымен бірлесіп, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жәрдемдесуімен Сорбонна-Қазақстан институты студенттері, магистранттары мен оқытушыларына арналған құқықтық семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингті Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Айнұр Әлімханқызы Сәбитова ашты.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының Атқарушы директорының орынбасары, АХҚО Құқық академиясының Академиялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Иванович Рогов «АХҚО құқықтық институт ретінде» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының АХҚО-ны құрудағы рөлі, конституциялық құраушысы және Англия мен Уэльс құқығының нормалары мен қағидаттарына негізделген АХҚО-ның ерекше құқықтық режімі мен оның артықшылықтары, сондай-ақ АХҚО-ның қазіргі кездегі жетістіктері, бизнес-бастамаларды іске асыру мен қорғау үшін АХҚО құқығы мен юрисдикциясын қолданудың практикалық мәселелері, АХҚО-ның экожүйесі, оның ішінде АХҚО Құқық академиясының қызметі туралы баяндап берді

Бақытжан Жарылқасымұлы Әбдірайымов (АХҚО Академиялық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі) «Заңгер мамандығын таңдау қыр-сыры: дағды мен білімді трансформациялау» тақырыбына тоқталып өтті.

Семинар соңында И.И. Рогов, Б.Ж. Әбдірайымов және Б.Д. Мамытәлиев (АХҚО құқығын ілгерілету жөніндегі Алматы қ. өкіл) тыңдаушылармен бірге Қазақстанның барлық өңірлерінен, Өзбекстаннан және АҚШ—тан байланысқа шыққан Сорбонна-Қазақстан Институтының студенттерінің АХҚО-ның артықшылықтары мен құқықтық режимі туралы сұрақтарына жауап беру сессиясын өткізді.

Бұл семинар-тренингке француз тарапының өкілдері де қатысты.

 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. Міндеттеріне ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету жатады.

aifc.zuweb.co