Ағымдағы сатып алулар

АХҚО-ның сатып алу және келісімшарт жасау үдерістері келесі негізгі қағидаттарға сәйкес жасалған: а) қаражатты тиімді және оңтайлы пайдалану арқылы ең жақсы бағаны алу; б) әділдік, адалдық және ашықтық; в) тиімді бәсекелестік. Негізгі басшылыққа алынатын қағида – ең жақсы бағаны алу. Бұл дегеніміз – өмірлік цикл шығындары мен артықшылықтарының оңтайлы үйлесімін ұсынатын және бизнес қажеттіліктерін қанағаттандыратын ұсынысты таңдау.

Байланыс ақпараты

Сатып алу департаменті:
[email protected]
+7 (7172) 64 7277

decor

«АХҚО әкімшілігі» АҚ SAP Ariba жүйесінде ашық тендер әдісі бойынша «АХҚО Сот және ХТО-на медициналық сақтандыру» сатып алуға халықаралық конкурс жариялайды

«АХҚО әкімшілігі» АҚ SAP Ariba жүйесінде ашық тендер әдісі бойынша «АХҚО Сот және ХТО-на медициналық сақтандыру» сатып алуға халықаралық конкурс жариялайды (баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі 12.10.2026 ж. Астана уақытымен сағат 12:00-ке дейін)

Егер Сіз қатысуға қызығушылық танытсаңыз, http://AIFC.supplier-eu.ariba.com/register сілтемесі арқылы тіркеліңіз және «АХҚО Сот және ХТО-на медициналық сақтандыру» ашық тендер үшін SAP Ariba-ға тіркелу» тақырыбымен [email protected] эл. мекенжайы бойынша бізге жазбаша түрде хабарлаңыз. Осыдан кейін Сізге ұсынысыңызды жолдауға рұқсат беріледі.

Рұқсат тіркелгеннен кейін және жоғарыда сипатталғандай [email protected] мекенжайына конкурсқа қатысуға мүдделі екеніңізді  растағаннан кейін ғана берілетінін ескеріңіз.

Егер Сізде сұрақтар туындаса, бізге [email protected] эл. мекенжайы бойынша хабарласыңыз.

Жарияланған күні: 25.09.2026

AIFC Services Assistant