Әсет Оңласов

Өнімдер жөніндегі бас директор

image

Білім

2019 жылы Колумбия университетін мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен, 2013 жылы Сүлейман Демирель атындағы университетті менеджмент магистрі дәрежесімен бітірді. CFA Charterholder сертификатына ие. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

 

Жұмыс тәжірибесі

Экономика, қаржы және мемлекеттік саясат саласында 11 жылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті маман.

АХҚО-да 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Аналитикалық есептерді дайындауға, макроэкономикалық талдау жүргізуге және экономика салалары бойынша аналитикалық құзыреттілікті қалыптастыруға жетекшілік етті.

Бұған дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеген, онда экономикалық саясат пен реформаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысты. Нью-Йорктің Федералды резервтік банкінде тағылымдамадан өткен.

AIFC Services Assistant