HPAIR TALKS
  • 18 августа 2019 15:30
  • HPAIR TALKS
  • BCPD
Добавить в календарь

Впервые в Нур-Султане пройдут открытые лекции от мировых лидеров “HPAIR Talks”!
Для участия просим пройти регистрацию.

18 августа в рамках международной конференции ​Harvard College Project for Asian and International Relations (HPAIR) вдохновляющие мировые лидеры, выдающиеся ученые и политики выступят с открытыми лекциями HPAIR Talks на базе Бюро непрерывного профессионального развития (BCPD).

В рамках мероприятия, мировые лидеры образования, экономики, политики, культуры, коммуникаций, а также других областей поделятся своими знаниями и расскажут слушателям инсайты полученные от жизненного и профессионального опыта.

HPAIR Talks призваны вдохновить слушателей на непрерывное профессиональное развитие и вовлечь аудиторию в открытую экспертную дискуссию для обмена знаниями и опытом в сфере искусства, медиа, культуры, энергетики и экологической устойчивости, геополитики, экономики, социальной политики, юстиций и технологий.

Cреди спикеров HPAIR Talks:

Джонатан Ветцель – старший партнер McKinsey; директор McKinsey Global Institute, автор исследований глобальных экономических тенденций в Китае и Азии.
Будучи экспертом в области энергетического, устойчивого развития и экономического планирования, Джонатан консультировал национальные и местные органы власти в Азии, Африке, Европе и Америке по таким темам, как улучшение условий для иностранных инвестиций, энергетическая политика и экономическое развитие. Он осуществил более 60 проектов для местных органов власти по всему Китаю в поддержку экономического развития и преобразований.

Кристал Лим Ланж -  основатель Forest Wolf, глобальной консалтинговой компании в сфере образования, также является стратегическим советником Minerva Project, одного из самых инновационных университетов в мире.
Кристал выступит с супругом - доктор Грегор Лим-Ланж - эксперт в области клинической и позитивной психологии, социального эмоционального интеллекта и осознанности, соучредитель и главный психолог Форест Вольф.
В своей лекции они выступят на тему “Disruption-proof yourself with Deep Human Superskills”.

Ванг Вэн - Исполнительный декан, Chongyang Institute for Financial Studies, Renmin University of China, был лауреатом премии China New Awards в 2011 году. Как лидер общественного мнения, написал книгу Phantom of Powers и сотни колонок в медиа.
Он является автором, соавтором и переводчиком более 30 книг, в которых под издательством People's Publishing опубликовал серию «Перспектива научного центра Ван Вена», в том числе: «Перспективный Китай: голос китайского аналитического центра в мире» , «Думай как танк: как Китай влияет на мир», и «Тревога Америки: взгляд исследователя мозгового центра на рост Китая и ответ США».
На открытых лекциях HPAIR Talks господин Вэн выступит с темой «Глобальный поток китайского капитала: возможности и проблемы».

Мун Ким - Кандидат наук в аспирантуре Pardee RAND, помощник исследователя политики в RAND, имеет опыт исследований и анализа по спутниковому обслуживанию космического полета Restore-L в NASA.
Господин Ким имеет степень магистра в области международной научно-технической политики в Школе международных отношений им. Эллиотта при Университете Джорджа Вашингтона и степень бакалавра наук в области финансов и экономики из Университета Мэриленда, Колледж Парк.
Он поделится опытом и знаниями полученными в годы работы в лучших организациях в трех совершенно разных отраслях, а также расскажет профессиональные инсайты к которым пришел за это время.

Вита Спивак - Эксперт Российского совета по международным делам, бывший координатор программы «Россия в Азиатско-Тихоокеанском регионе» Московского Центра Карнеги.
В сферу ее исследовательских интересов входят инвестиции Китая в энергетический сектор других стран, антикоррупционная кампания в КНР, а также развертывание инициативы «Один пояс — один путь».
Госпожа Спивак выступит на тему «Китайские прямые иностранные инвестиции  в энергетических проектах с упором на Россию и Центральную Азию в связи с приоритетами экономической политики Пекина».

Алена Ткаченко – со-основатель и CEO компании Nommi, Forbes Asia 30U30.
Она попала в список Forbes Asia «30 under 30» и на данный момент развивает казахстанский wi-fi роутер Nommi.
В рамках HPAIR Talks Алена Ткаченко презентует лекцию на тему “Открытие вашей компании за рубежом: извлеченные уроки и специфика стран”.
_____________________________________________________________________________________

Нұр-Сұлтанда алғаш рет “HPAIR Talks” әлемдік көшбасшыларының ашық дәрістері өтеді!
Дәрістерге қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.

18 тамыз күні ​Harvard College Project for Asian and International Relations (HPAIR) халықаралық конференциясының аясында әлемдік көшбасшылар, үздік ғалымдар мен саясаткерлер Үздіксіз кәсіби даму бюросының базасында HPAIR Talks дәрістерін өткізетін болады.  

Іс-шара шеңберінде білім, экономика, саясат, мәдениет және коммуникацияның, сонымен қатар өзге де салалардың әлемдік көшбасшылары білімін ортаға салып, өмірлік және іскерлік тәжірибесінен жинақтаған ойларын тыңдармандарымен бөліседі.

HPAIR Talks тыңдармандарды үздіксіз кәсіби дамуға ынталандырып, өнер, медиа, мәдениет, энергетика және экологиялық тұрақтылық, геосаясат, экономика, әлеуметтік саясат, әділет пен технология саласында тәжірибемен және біліммен алмасу үшін аудиторияны ашық сараптамалық дискуссияға тартуды көздейді.

 

HPAIR Talks спикерлері арасында:

Джонатан Ветцель – McKinsey аға серіктесі; McKinsey Global Institute директоры, Қытай мен Азиядағы жаһандық экономикалық тенденциялар зерттеуінің авторы.
Джонатан энергетикалық, тұрақты дамудың және экономикалық жоспарлау саласының маманы бола отырып, экономикалық даму, энергетикалық саясат және шетел инвестицияларына жағдайды жақсарту тақырыптары бойынша Америка, Еуропа, Африка және Азия елдерінің жергілікті және ұлттық органдарына консультация берумен айналысты. Ол экономикалық даму мен түрленуді қолдау жолында барлық Қытай бойынша жергілікті билік органдарына 60-тан астам жобаны жүзеге асыруға көмектесті.

Кристал Лим Ланж -  білім саласындағы жаһандық консалтингтік компания Forest Wolf-тың негізін қалаушы, сонымен қатар әлемдегі ең инновациялық университеттердің бірі Minerva Project-тің стратегиялық кеңесшісі болып табылады.
Кристал клиникалық және позитивтік психология, әлеуметтік эмоциялық интеллект және саналылық саласының маманы, Форест Вольфтың негізін қалаушылардың бірі әрі бас психологы, дәрігер болып табылатын жұбайы Грегор Лим-Ланжпен бірге сөз сөйлейді.
Өз дәрісінде олар “Disruption-proof yourself with Deep Human Superskills” тақырыбын қозғайтын болады.

Ванг Вэн атқарушы декан, Chongyang Institute for Financial Studies, Renmin University of China, 2011 жылы China New Awards жүлдесінің лауреаты атанған. Қоғамдық пікір көшбасшысы ретінде Phantom of Powers кітабын және медиада жүздеген бағананы жазып шыққан.
Ол 30-дан астам кітаптың авторы, аудармашысы және бірлескен авторы болып табылады. Аталмыш кітаптар People's Publishing басылымында жарық көріп, онда «Ван Вен ғылыми орталығының келешегі», сонымен қатар «Келешек Қытай: қытай сараптамалық орталығының әлем сахнасындағы дауысы», «Танк секілді ойла: Қытай әлемге қалай әсер етеді» және «Американың дабылы: Қытай өсіміне деген ми орталығы зерттеушісінің көзқарасы және АҚШ-тың жауабы» сериялары жарияланды.
Вэн HPAIR Talks ашық дәрістерінде  «Қытай капиталының жаһандық ағыны: мүмкіндіктер мен қиындықтар» тақырыбын қозғайтын болады.

Мун Ким - Pardee RAND аспирантурасында ғылым кандидаты, RAND-та саясат зерттеушісінің көмекшісі, NASA-дағы Restore-L ғарыштық ұшуға спутниктік қызмет көрсетуді зерттеу мен сараптама жасауда тәжірибесі бар.
Ким мырза Джордж Вашингтон тұсында Эллиотт атындағы Халықаралық қатынастар мектебінің халықаралық ғылыми-техникалық саясат саласында магистр деңгейін иеленген және Колледж Парк, Мэриленд Унверситетінің қаржы және экономика саласында бакалавр дәрежесін алған.
Ол бір біріне мүлде ұқсамайтын үш түрлі сала бойынша үздік ұйымдарда жинақтаған тәжірибесі мен білімін ортаға салып, жұмыс істеген жылдарында түйген кәсіби ойларымен бөліседі.

Вита Спивак – Халықаралық істер бойынша Ресейлік кеңестің маманы, Мәскеу Карнеги орталығының «Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтағы Ресей» бағдарламасының бұрынғы координаторы.
Оның зерттеушілік қызығушылықтары аясына өзге елдердің энергетикалық секторына Қытайдың инвестиция жасауы, ҚХР-дағы жемқорлыққа қарсы кампания, сонымен қатар «Бір белдеу — бір жол» бастамасы кіреді.
Спивак «Бейжің экономикалық саясатының басымдықтарына орай Ресей мен Орталық Азияға ден қойылған энергетикалық жобаларға Қытайдың тікелей шетел инвестициялары».

Алена Ткаченко – Nommi компаниясының CEO және негізін қалаушыларының бірі, Forbes Asia 30U30.
Ол Forbes Asia «30 under 30» тізіміне еніп, бүгінде қазақстандық Nommi wi-fi роутерін дамытуда.
HPAIR Talks аясында Алена Ткаченко «Шетелде сіздің компанияңыздың ашылуы: жинақталған тәжірибелер мен елдердің спецификасы» тақырыбында дәріс оқиды.