Құқықтық консультативтік кеңес

Құқықтық консультативтік кеңес (бұдан әрі – ҚКК) Англия мен Уэльстің үздік әлемдік практикасы мен құқықтық нормаларын енгізуді қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы құрылды. ҚКК құрамына Hogan Lovells, Michelmores, Norton Rose Fulbright, White & Case және 3 Verulam Buildings сияқты әлемдегі жетекші заң фирмалары мен адвокаттар палаталарының өкілдері кіреді.

Міндеттер

Құқықтық кеңестің міндеттері ретінде АХҚО-ның жалпы қолданылатын актілерінің моделін, АХҚО құқықтық жүйесін дамыту стратегиясын, АХҚО актілерін әзірлеудің әдіснамасы мен тәсілдерін айқындау бекітілді:

  • АХҚО заңдарын, қағидалары мен басқа да актілерін әзірлеудің ең жоғары халықаралық стандарттарын, АХҚО құқығын қолдану салалары мен мазмұнын, АХҚО қолданылатын құқығын әзірлеу және стратегиялық дамыту әдіснамасын айқындау; және
  • АХҚО органдарының сұрауы бойынша АХҚО тиісті органдары оларды түпкілікті қабылдағанға дейін АХҚО актілерінің жобаларын бекіту; және
  • ҚКК маңызды деп санайтын басқа да тиісті іс-шараларды іске асыру

Құқықтық консультативтік кеңес мүшелері

Майкл Блэр

Төраға

Кристофер Кэмпбэл-Холт

Құқықтық консультативтік кеңесінің мүшесі

Саймон Кокс

Құқықтық консультативтік кеңесінің мүшесі

Фрэнсис Фитцжерберт-Брокхоулс

Құқықтық консультативтік кеңесінің мүшесі

Эндрю Олдлэнд

Құқықтық консультативтік кеңесінің мүшесі

Майкл Томас

Құқықтық консультативтік кеңесінің мүшесі

AIFC AI assistant