АХҚО-ның Креативті индустриялар платформасы
Креативті идеяларды инвестициялық активтерге айналдыру
Платформа туралы
АХҚО-ның Креативті индустриялар платформасы креативті экономикаға жеке капиталды тартуға арналған мамандандырылған алаң. Ол креативті бизнес үшін құқықтық, институционалдық және қаржылық инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. Платформа инвесторларға Қазақстан мен Орталық Азия бойынша креативті индустриялардың дамуына ашық әрі қолайлы орта қалыптастырады.
АХҚО тікелей қаржыландыруды жүзеге асырмайды, бірақ инвестициялық тәуекелдерді азайтуға және жеке капиталдың креативті экономикаға қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған кешенді экожүйені қалыптастырады.
Миссия
Біздің миссиямыз – ауқымды өсу әлеуеті бар жобаларды қолдай отырып, креативті таланттар мен инвестициялық капитал арасындағы алшақтықты жою.
• Кино және аудиовизуалды жобаларды қаржыландыру;
• Цифрлық контентті, медианы және креативті технологияларды дамыту;
• Экспортқа бағытталған мәдени және креативті өнімдерді қолдау.
• Зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру;
• Жобаларды институционалдық инвестициялық раундтарға дайындау;
• Өнімдік сараптама және құқықтық қолдау көрсету.
Қазіргі уақытта өңір үшін инновациялық механизм – зияткерлік меншікті (IP) кепілдік қамтамасыз ету ретінде пайдалану жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл бастама креативті бизнестің негізгі мәселелерінің бірі – материалдық активтердің жеткіліксіздігі кедергісін жоюға бағытталған.
АХҚО контентке немесе технологияларға қатысты айрықша құқықтарды сенімді кепіл ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін стандартталған шарттық құрылымдарды әзірлеуде.
АХҚО инфрақұрылымы IP-активтарына қатысты ауыртпалықтарды тіркеуді қамтамасыз етеді, бұл кредиторлар мен жеке инвесторлар тарапынан сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Байланыс