Carbon Platform

Көміртек платформасы 2025 жылғы ақпанда Astana International Exchange қор биржасының базасында іске қосылды

Мақсаты: Орталық Азиядағы экологиялық құралдар* нарығының дамуын және төмен көміртекті экономикаға көшуді қолдау.

 

* Экологиялық құралдар: жаңартылатын энергия сертификаттары, ерікті көміртек бірліктері және СО₂ шығарындыларына арналған квоталар.

Қызмет салалары

I-REC сертификаттары

I-REC жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген электр энергиясының шығу тегін растайды және компанияларға ESG-есептілігі шеңберінде Scope 2 шығарындыларын өтеуге мүмкіндік береді. 

AIX-тегі сауда тарихын көру үшін басыңыз. 

Ерікті көміртек нарығы (VCM)

Біз AIX платформасындағы экологиялық құралдар желісін кеңейтіп, компанияларға шығарындыларды өтеудің жаһандық тетіктеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және ESG-есептілігінің (Scope 1 және Scope 3) көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ерікті көміртек бірліктері нарығының жетекші стандарттарын (Verra, Gold Standard) платформаға тартудамыз. 

Шығарындыларды саудалау жүйесі

АХҚО ұлттық көміртек бірліктерімен сауда жасау жүйесі үшін халықаралық үздік тәжірибелерге негізделген озық инфрақұрылымды ұсынады, бұл баға белгілеудің ашықтығын және нарықтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

Байланыс

Біз компанияларға AIX биржасында экологиялық құралдар саудасын жүзеге асыру бойынша консультациялық қызмет көрсетеміз.
[email protected]
+7 776 187 5502

decor