Экожүйе
АХҚО экожүйесіне бірнеше орган мен ұйым кіреді. Олар әртүрлі функцияларды орындайды, бірақ ортақ стратегиялық мақсаттарға жету үшін бірлесіп жұмыс істейді.
АХҚО әкімшілігі
АХҚО әкімшілігі
Әкімшілік АХҚО экожүйесі аясында жұмыс істейді және мынадай қос рөл атқарады: экожүйенің орталық буыны бола отырып, АХҚО органдарын, қатысушылары мен қызметкерлерін әкімшілік қолдауға жауапты және сонымен бірге орталықтың даму стратегиясын және қаржылық қызметтерді реттеумен байланысты емес актілердің жобаларын әзірлейді.
Сонымен қатар, АХҚО-ны жаһандық қаржы инфрақұрылымына интеграциялау мақсатында АХҚО әкімшілігі әлемдік қаржы орталықтарымен және институттармен белсенді түрде байланыс орнатады.
Колл-центр: +7 (7172) 959 000
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00, дүйсенбі – жұма (GMT +6)
E-mail: [email protected]
Баспасөз қызметі: [email protected]
АХҚО қатысушыларын қолдау департаменті: [email protected]
Маркетинг: [email protected]
Astana Financial Services Authority (AFSA)
Astana Financial Services Authority
Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – орталықтың қаржылық және басқа да қызмет түрлерін қадағалауды жүзеге асыратын АХҚО-ның тәуелсіз реттеуші органы. Реттеуші адал, тиімді және ашық қаржы нарықтарын дамытуға ықпал ете отырып, АХҚО қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
E-mail: [email protected]
AIFC Court
АХҚО Соты
АХҚО соты – АХҚО қызметі аясында туындайтын коммерциялық және азаматтық дауларға қатысты айрықша юрисдикциясы бар уәкілетті орган. Ол жалпы құқық соты ретінде жұмыс істейді және азаматтық және коммерциялық талап арыздарды шешудің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Сот АХҚО қызметіне байланысты талап арыздарды және тараптардың жазбаша келісімімен сот құзыретіне берілуі мүмкін басқа да дауларды қарайды. АХҚО соты өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстанның сот жүйесінің құрамына кірмейді. Оның жеке апелляциялық соты, рәсімдік қағидалары, шағын талап арыздарды қараудың жедел процесі және мықты құқық қолдану жүйесі бар – бұның бәрі оның әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының компаниялары үшін әдеттегідей таныс болуын қамтамасыз етеді.
E-mail: [email protected]
International Arbitration Centre (IAC)
Халықаралық төрелік орталығы
Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) коммерциялық дауларды шешуде ең жоғары халықаралық стандарттарды ұстана отырып, сот ісін жүргізуге тәуелсіз балама саналады. Командасы құрамында белгілі халықаралық төрешілер мен медиаторлар бар ХТО абсолютті тәуелсіздікке, бейтараптыққа, адалдыққа және құқық үстемдігі қағидатының сөзсіз сақталуына кепілдік береді.
E-mail: [email protected]
Astana International Exchange (AIX)
Astana International Exchange
AIX биржасының мақсаты –Қазақстан мен Орталық Азиядағы сенімді және өтімді капитал нарығын дамыту. Биржа жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, жеке бизнес пен жалпы экономиканы қаржыландыруға және өсіруге арналған платформаны ұсынады. АХҚО-ның реттеуші ортасы шеңберінде жұмыс істей отырып, AIX ағылшын жалпы құқығының қағидаттарын ұстанады және Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) тарапынан реттеледі. AIX миссиясы – бизнес пен инвесторларға инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде сенімді әрі өтімді капитал нарықтарын дамыту. Биржа T+2 есеп айырысу жүйесі және жергілікті және халықаралық кастодиандармен байланыстырылған депозитарлық инфрақұрылымы бар Nasdaq жоғары технологиялық сауда платформасында жұмыс істейді. AIX акционерлері –АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы қоры және AIX-ке сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы.
E-mail: [email protected]