АХҚО-ны басқару жөніндегі кеңес
АХҚО-ны Басқару жөніндегі кеңес – Қазақстан Республикасы Президенті басқаратын тұрақты әрекет ететін алқалық орган, АХҚО-ның жоғарғы басшылық органы. Кеңес АХҚО-ны дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындайды және АХҚО- ны жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптастыруға арналған қолайлы жағдайларды дамытуға ықпал етеді. АХҚО-ның өкілеттіктеріне АХҚО актілерін қабылдау, орталық органдарының құрылымын айқындау, АХҚО Сотының құрамын және Халықаралық төрелік орталығын қалыптастыру негіздерін, және орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекіту кіреді.
Төраға,
Қазақстан Республикасының Президенті
Төраға Орынбасары,
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Премьер-Министрдің орынбасары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы
АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу комитеті Директорлар кеңесінің төрағасы
АХҚО биржасы — Astana International Exchange Директорлар кеңесінің төрағасы
Жаһандық үкіметтер блогының және мемлекеттік сектордың, Citigroup Investment және корпоративтік банктің басшысы
Mubadala инвестициялық компаниясының, Abu Dhabi, Abu Dhabi Developmental Holding Company PJSC (ADQ) және Emirates Red Crescent директорлар кеңесінің мүшесі