АХҚО Басқарушысы
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы
Білім
Ренат Бектұров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша үздік дипломға, сондай-ақ Лестер Университетінен (Ұлыбритания) банк және қаржы саласындағы үздік магистрі дәрежесіне ие. Сертификатталған қаржы талдаушысы (CFA Charterholder).
«Алтын белгі» белгісімен марапатталған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.
Жұмыс тәжірибесі
Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы – қаржы қызметтері саласында 16 жылдан астам тәжірибесі бар құзырлы басшы әрі кәсіби маман. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. АХҚО Басқарушысы лауазымына тағайындалғанға дейін AIX басқармасын басқарды (2021-2023жж.), биржаның қаржы директоры болып жұмыс істеді, биржаны құру, акционерлерді тарту және стратегиялық басымдықтарды айқындау жөніндегі жобаларды жүргізді (2017-2021жж.). Жалпы АХҚО-ны қалыптастыру ісіне және департамент директоры ретінде активтерді басқару және капитал нарығын дамыту бағытындағы жұмысқа (2016-2017 жж.) қатысты. 2016 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Кәсіпкерлік және инновациялар департаменті жобасының жетекшісі болды, «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағдарламасын әзірлеуге белсенді қатысты. 2014-2016 жылдары Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясында Қазынашылықты табысты басқарды, Инвестициялық комитеттің мүшесі болды және хедж-қорлар мен жеке капитал қорларына арналған инвестициялық бағдарламаларды іске қосуға қатысты. Қазақстанның Даму банкінде жұмыс істеген кезде ТМД өңіріндегі сукуктың алғашқы шығарылымы (2009-2014 жж.) сияқты борыштық капитал нарығындағы бірқатар айтулы мәмілелерге қатысты. Еңбек жолын 2007 жылы «ABN AMRO Қазақстан Банк» ЕБ» АҚ Проблемалық кредиттермен жұмыс департаментінің бөлім бастығы болып бастады.
Шақырылған оқытушы ретінде Ренат Бектұров КазГЗУ Жоғары Экономика мектебінде корпоративтік қаржы бойынша дәрістер курсын оқыды. Қызметкерлерді корпоративтік қаржыға, қаржы құралдарын бағалауға және инвестициялық портфельді басқаруға үйрете отырып, АХҚО жанындағы CFA бағдарламасының тәлімгері болды.