Жасыл жобалар базасы

АХҚО-ның Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) «Белдеу мен жол» бастамасының аясындағы Жасыл инвестициялар қағидаттарының (GIP) Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесі болып табылады. GIP хатшылығы Refinitiv компаниясымен бірлесе отырып, макроаймақтағы жасыл жобалардың дерекқорын басқарады және қаржы институттары мен жоба әзірлеушілері үшін ақпарат жинауға кететін шығындарды азайтуға көмектесетін алаң ұсынады.

GIP жасыл жобаларының дерекқоры — бұл GIP (Белдеу мен жол бастамасының Жасыл инвестициялар қағидаттары) қағидаттарына қол қойған әлеуетті инвесторларға арналған платформа.

Өтінімді қалай беруге болады?

01

Сіз ұсынған жобаның алдын ала ақпаратын (жобаның толық атауы және басқа да мәліметтер) GIP жасыл жобалар базасының критерийлеріне сәйкес талдаймыз. Егер жоба талаптарға сай келсе, сізден жобаның толығырақ мәліметтерін арнайы формада және жобаға арналған тизерлерді ұсынуыңызды сұраймыз.

02
Өтініш формасын толтырыңыз, мүмкіндігінше ағылшын тілінде. Алайда қиындықтар туындаған жағдайда, Жасыл Қаржы Орталығы (ЖҚО) аудармаға және кейбір өрістерді толтыруға көмектеседі, әсіресе Қытайдың Жасыл жобалар каталогына (China’s Green Industry Guidance Catalogue) сәйкес жобаны қатысты бөлімдерді жіктеуге көмектеседі.
03
Форманы толтырғаннан кейін, оны дұрыс толтырылғанын тексеру және келісу үшін [email protected] мекенжайына GIP белгісімен драфт түрінде жіберіңіз. Содан кейін өзіңіз қол қойған форманың сканын және жобаның тизері немесе презентациясын (ағылшын тілінде) қоса жіберіңіз. Бұдан әрі Жасыл Қаржы Орталығы (ЖҚО) материалдарды GIP хатшылығына дерекқорға қосу үшін қайта бағыттайды.
AIFC AI assistant