Қаржы компаниялары

Егер сіздің компанияңыз АХҚО аумағында реттелетін қаржылық немесе нарықтық қызметпен айналысуға ниет білдірсе, ол екі түрлі рәсімнен өтуі тиіс:

  • Авторизация (AFSA реттеуші органынан лицензия алу);
  • Тіркеу.
01
Лицензиялау

АХҚО аумағында реттелетін қаржылық, нарықтық немесе кәсіби (қосалқы) қызметтерді көрсету үшін сіздің компанияңыз AFSA реттеуші органынан лицензия алуы керек. Бұл лицензия AFSA-ға АХҚО аясында қаржылық, нарықтық немесе кәсіптік (қосалқы) қызметтер көрсетуді бастамас бұрын компаниялар мен жеке тұлғалардың алдын ала белгіленген өлшемшарттарға сай болуына кепілдік бере отырып, елеулі бұзушылықтарды немесе залалдарды анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

02
Тіркеу

АХҚО-да өз компанияңызды немесе филиалды құрудың бірнеше жолы бар:

  • АХҚО-да жаңа компания құру;
  • Кез-келген басқа юрисдикцияда құрылған шетелдік компанияны/серіктестікті танылған компания немесе серіктестік ретінде тіркеу;
  • Басқа юрисдикцияда құрылған заңды тұлғаның тіркелген елін өзгерту.
Қатысушы

Сіздің компанияңыз лицензия алғаннан кейін (жекелеген салаларға қолданылады) және АХҚО-да өз заңды тұлғасын тіркегеннен кейін ол өз қызметін жүргізуге кірісе алады.
Барлық қатысушы компаниялар белгілі бір ақпаратты үнемі ұсынып отыруға, мысалы, жыл сайынғы декларацияларды тапсыруға және тіркеу деректеріндегі кез келген өзгерістер туралы АХҚО-ға дереу хабарлауға (оқиға жөнінде хабарлама жіберуге) міндетті екенін айта кету керек.
Тіркелгеннен кейін АХҚО юрисдикциясы аясында нормативтік стандарттарға сай болуды қамтамасыз ету үшін талаптарды сақтау және есептілікті ұсыну бойынша барлық міндеттемелерді орындау қажет.

pdf

АХҚО қатысушысы болудың жолдары

15.87 MB Download

АХҚО-да бизнесті жүргізудің артықшылықтары

Біз халықаралық және жергілікті компаниялар орталықтың бірегей артықшылықтарын толық пайдалана алатын ортаны құруға тырысамыз

AIFC AI assistant