Loyalty Клубы

Жаңа мүмкіндіктерді ашыңыз: бір карта – шексіз артықшылықтар!

АХҚО Экспат орталығының ниеттестік клубы шетелдік азаматтарға Қазақстанда тез бейімделуге көмектеседі. АХҚО мен серіктестердің әртүрлі артықшылықтары мен эксклюзивті ұсыныстары, мәдени алмасу және нетворкинг экспаттарға жаңа ортаға тез енуге, жаңа дамдармен танысып, өздерін үйде жүргендей сезінуге көмектеседі.

Ниеттестік бағдарламасы АХҚО қатысушыларына да, Қазақстанда тұрып, жұмыс істейтін барлық шетел азаматтар мен олардың отбасы мүшелеріне де қолжетімді. Сіз инвестор, сарапшы, кәсіпкер, дипломат немесе экспаттар отбасының мүшесі болсаңыз – біздің бағдарлама сіздің қоныс аударуыңызды ыңғайлы және оңай етеді.

Loyalty Клуб карталары

Біздің ниеттестік картамызбен клиенттер АХҚО-ның және серіктестердің жеңілдіктері мен эксклюзивті ұсыныстарын пайдалана алады. Ұсыныстар қонақүйлер, тұрғын үйлер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, мейрамханалар, фитнес-орталықтар, сұлулық салондары, емханалар, мектептер мен балабақшаларды қоса алғанда, Астана қаласындағы қызметтердің кең спектріне қолданылады.

Ниеттестік картасы: Basic
Бұл қызмет жұмыс визасын рәсімдеу немесе уақытша тұруға рұқсат алу үшін «дербес менеджер» қызметін пайдаланған Экспат орталықтың клиенттеріне қошамет ретінде ұсынылады.

Артықшылықтар:

  • Мейрамханалар
  • АХҚО аумағындағы мәжіліс залдар
  • Медициналық сақтандыру
  • Тұру және жылжымайтын мүлік агенттіктері
  • АХҚО аумағындағы кофеханалар
  • Экспат орталықтың іс-шараларына қолжетімділік
Loyalty Card: Premium
Карта Экспат орталықтың клиенттері үшін 112 АҚШ доллары мөлшерінде қосымша жылдық абоненттік төлем бойынша қолжетімді. Осы картамен сіз АХҚО және оның серіктестері ұсынатын барлық жеңілдіктерге толық қол жеткізе аласыз, олардың тізімі үнемі жаңартылып отырады.

Basic тарифінің барлық артықшылықтары, сондай-ақ мыналар кіреді:

  • Премиум-кластағы мейрамханалар
  • АХҚО аумағындағы мәжіліс залдар
  • Клиникалар және медициналық қызмет көрсету (косметологиялық клиниканы қоса алғанда)
  • 4*-5* жұлдызды қонақүйлер
  • Баспана
  • Жылжымайтын мүлік агенттіктері (тұрғын үй және коммерциялық орынжайлар)
  • АХҚО және Экспат орталығы өткізетін эксклюзивті іс-шараларға қолжетімділік
  • Фитнес орталықтары
  • Мектептер мен балабақшалар
  • Сұлулық салондары
  • Әлем бойынша Duty Free дүкендері

* Шектеулі уақыт ішінде премиум картаны сатып алуға арналған арнайы бастапқы бағаны пайдаланыңыз — бар болғаны 112 АҚШ доллары.

Loyalty club туралы көбірек біліңіз

pdf

Loyalty Club Flyer

1.95 MB Download

Сонымен қатар:

Мәдени баю
Дәстүрлі қазақ мәдениетін жақсырақ түсінуге және бағалауға көмектесетін шеберлік сыныптары, семинарлар мен воркшоптарды қоса алғанда, Экспат орталықтың мәдени іс-шараларына қатысыңыз. Біздің іс-шараларымыз құқықтық және қаржылық аспектілер, тіл үйрену және мәдениетаралық өзара әрекеттесуді қоса алғанда, шетелдік сарапшыларға қатысты көптеген тақырыптарды қамтиды.

Ай сайынғы жаңалықтар таратылымы
Көші-қон саясаты, ниеттестік бағдарламасындағы жаңартулар, арнайы ұсыныстар, сондай-ақ Астанадағы оқиғалар туралы соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін ай сайынғы ақпараттық таратылымға жазылыңыз. Әр шығарылым барып көруге болатын жерлер туралы ұсыныстар мен алдағы іс-шаралар күнтізбесін қамтиды.

Рефералды бонустар
Біздің рефералды бағдарламамыздың артықшылығын пайдаланыңыз және жаңа мүшелерді шақыру немесе әлеуметтік желілерде Экспат орталық туралы айту арқылы Экспат орталықтың қызметтеріне жеңілдіктер алыңыз.

Онлайн-қоғамдастық
Экспат-әріптестеріңізбен байланысу, тәжірибелеріңізбен бөлісу және қоғамдастықтан кеңес алу үшін эксклюзивті онлайн-чаттар мен топтарға қол жеткізіңіз.

Байланыс ақпараты

Экспат орталығының менеджеріне хабарласыңыз
[email protected]
+7 (7172) 64 7400

decor
AIFC AI assistant