Орнықты даму саласындағы қызметтер

АХҚО Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда орнықты экономикалық дамуға ықпал етуге ұмтылады. Орталық орнықты инвестицияларды тарту және сенімді қаржылық экожүйені құру арқылы төмен көміртекті экономикаға көшуді жеңілдетуге бағытталған. АХҚО жанындағы Жасыл қаржы орталығы (ЖҚО) орнықты даму саласында қызметтердің кең спектрін ұсынады. Ол жергілікті және өңірлік компаниялармен тығыз жұмыс істейді, оларға орнықты даму қағидаттарын өз актілеріне, практикалары мен жобаларына интеграциялауға көмектеседі.