Тәуелсіз директор
Білім
2001 жылы Юсупов мырза Таяу Шығыс Техникалық Университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде экономикалық даму менеджменті мамандығы бойынша магистр дәрежесін, ал 2015 жылы Гарвард университетінде мемлекеттік басқару бойынша магистр дәрежесін алды.
Жұмыс тәжірибесі
Юсупов мырза «Туркуаз» компаниялар тобында, «Демир Казахстан Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарған.
2010 жылы мырза Юсупов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға Корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры ретінде қосылды, ал 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Бас қаржы директоры лауазымына тағайындалды.
2020 жылдан 2021 жылға дейін ол Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі лауазымын атқарды, ал 2021 жылдың наурызынан 2023 жылдың қазанына дейін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Бас атқарушы директоры болды.
2023 жылдың 2 қазанында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.