Басқарма төрағасы

Білім
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Шетел тілдері» мамандығы бойынша, роман-герман филологиясы факультетін тәмамдады. BIBF сертификатын исламдық қаржы және банкинг саласында алды. Исламдық қаржылық жоспарлау және активтерді басқару бойынша кәсіби даярлықтан өтті.
Жұмыс тәжірибесі
Бақтияр Тілеубеков 2018 жылы АХҚО командасына қосылып, инвестициялық шешімдер департаментінің аға маманы лауазымында жұмыс істеді. Содан кейін осы департаменттің директоры, АХҚО-ның еншілес ұйымы – AIFC Business Connect Ltd. бас директорының орынбасары лауазымын атқарды. Онда қаржы орталығының әлеуетін ілгерілетуге, инвестициялық мәмілелерді құрылымдауға және орталыққа қатысушы компаниялардың қызметін сүйемелдеуге жетекшілік етті.
2023 жылғы ақпаннан бастап 2025 жылдың маусымына дейін АХҚО Әкімшілігінде қаржы директоры және әкімшілік мәселелер жөніндегі басшы қызметін атқарды.
Бақтияр жобалар мен тәуекелдерді басқару, бизнесті дамыту және стратегиялық жоспарлау саласында 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар маман. Бұған дейін ол ForteBank, HSBC Қазақстан Банкі, ABN Amro Қазақстан Банкі (кейінірек — RBS Kazakhstan) және елдің басқа да қаржы институттарында басқарушы позицияларда жұмыс істеді, онда қаржы секторындағы ұйымдық трансформация, жобалар мен тәуекелдерді басқару жөніндегі бастамаларды іске асыруда жоғары тиімділікті көрсетті.