Қазақстанның тікелей инвестициялар нарығы

Кіріспе

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Qazaqstan Investment Corporation (QIC) және Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) бірлесіп әзірлеген бұл есепте Қазақстандағы тікелей инвестициялар нарығының қазіргі жағдайы және оның дамуының келесі кезеңіне қажетті шарттар талданады. Есептің қорытындылары мәмілелер туралы деректерге, 44 компания мен тікелей инвестициялар нарығының 17 қатысушысын қамтыған сауалнама нәтижелеріне, сондай-ақ нарық қатысушылары мен салалық сарапшылармен жүргізілген сұхбаттарда айтылған пікірлерге негізделген.

Негізгі қорытындылар

Мәмілелер ауқымы кеңейіп келеді, алайда ол туралы ақпараттың бір бөлігі ғана қолжетімді.

2015–2025 жылдар аралығында тікелей инвестициялар саласында 116 мәміле мен инвестиция тіркелген. Олардың ішінде жалпы құны шамамен 137 млн АҚШ долларын құрайтын 26 аяқталған тікелей инвестиция мәмілесі коммерциялық дерекқорларда тіркелген. Бұл көрсеткіш құны жария етілген мәмілелерді ғана қамтитындықтан, оны нарықтың толық көлемі емес, құны жария етілген мәмілелердің жалпы құнының төменгі шегі ретінде қарастырған жөн. Бөлек қарастырылған QIC жүзеге асырған инвестициялардың көлемі осы кезеңде шамамен 2,2 млрд АҚШ долларын құрады.

 

Компаниялар тікелей инвестицияларды бизнестің өсуін қаржыландырудың қолайлы көзі ретінде қарастырады.

Сауалнамаға қатысқан компаниялардың 71%-ы тікелей инвестицияларды қаржыландырудың қолайлы құралы ретінде қарастырады, ал 73%-ы алдағы үш жылда қосымша капитал тартуды жоспарлап отыр. Капитал тартудың негізгі мақсаттары бизнестің өсуімен байланысты: компаниялардың 55%-ы өндірісті кеңейтуді қарастырса, тағы 30%-ы жаңа өнімдер шығаруды және бизнестің жаңа бағыттарын іске қосуды жоспарлап отыр.

 

Нарықтың одан әрі дамуы инвестициялық циклдің барлық кезеңінің нәтижелілігіне байланысты.

Нарықтың одан әрі дамуы үшін капитал тарту мен инвестиция салудан бастап құнды арттыруға, инвестициялардан табысты шығуға және кейіннен жаңа капитал тартуға дейінгі кезеңдерді қамтитын неғұрлым тұрақты инвестициялық цикл қажет. Бұл үшін қор басқарушыларының кәсіби біліктілігі мен қол жеткізген нәтижелері, жеке және институционалдық инвесторлардың кеңінен қатысуы, инвестиция тартуға дайын жобалардың болуы және инвестициялардан шығудың тиімді механизмдері маңызды болып қала береді.

Авторлар туралы

Төлешев Аян

Төлешев Аян

Директор, Салалық талдау департаменті

Дана Абдыкаева

Дана Абдыкаева

Senior Manager, Industry Analysis Department

Арсен Жамалбеков

Арсен Жамалбеков

Директор​ - QIC

Айбек Бекжанов

Айбек Бекжанов

Директор- QIC

Тарик Шахович

Тарик Шахович

Senior Operations Officer - IFC

Николас Пейдж

Николас Пейдж

IFC Эксперт- IFC

Айша Абдезова

Айша Абдезова

Менеджер, Салалық талдау департаменті

Сания Мадиева

Сания Мадиева

Senior Manager​ - QIC

Айжан Абильгазина

Айжан Абильгазина

Senior Manager - QIC​

Арайлым Камел

Арайлым Камел

Senior Manager​ - QIC

Асаубаева Диана

Асаубаева Диана

Бас менеджер, Салалық талдау департаменті