FAQ
Junior Mining Platform – бұл тау-кен өндіру секторындағы дамудың ерте кезеңдеріндегі жобаларды (геологиялық барлаудан бастап пайдалануға дейінгі дайындық кезеңіне дейін) инвесторлармен, стратегиялық серіктестермен және қаржы институттарымен біріктіретін АХҚО платформасы. Платформа геологиялық барлау мен жобаларды дамытуға қаржыландыру тартуға ықпал етеді, инвесторлар үшін перспективалы ресурстық активтерді қолжетімді етеді, сондай-ақ жобалардың танылу деңгейін арттырып, инвестициялық өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Платформа дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі жобаларға бағытталған, оның ішінде жаңа учаскелердегі және бұрын жұмыстар жүргізілген аудандардағы геологиялық барлау жобалары, ресурстарды бағалау және бұрғылау кезеңіндегі жобалар, алдын ала және егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық негіздеме кезеңіндегі жобалар, сондай-ақ құрылыс пен пайдалануға дайындау сатысындағы жобалар бар.
Жобалар пайдалы қазбалардың алуан түрін, оның ішінде алтын, мыс, литий, сирек жер элементтерін, уран және басқа да стратегиялық маңызды минералдарды қамтуы мүмкін.
Платформаға инвесторлардың әртүрлі санаттары, оның ішінде тікелей инвестициялар қорлары, венчурлық қорлар, стратегиялық инвесторлар, трейдерлер, сондай-ақ өзге де қаржылық және инвестициялық ұйымдар қатыса алады.
Платформаға қатысу инвесторларға дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі тау-кен жобаларының пулына қолжетімділік береді, өздерінің инвестициялық стратегиясына сәйкес жобаларды іріктеу мүмкіндігін ұсынады, Junior Mining Investment Day аясында жоба бастамашыларымен жеке кездесулерге қатысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ инвестициялық мәмілелер ағынын қалыптастырып, сала қатысушыларымен тікелей байланыс орнатуға жағдай жасайды.
Қатысудың алғашқы кезеңі – өтінім нысанын толтыру.
Жобалар үшін жоба сауалнамасын толтырып, платформаның жобалар пулына валидациялау және енгізу үшін қолданылатын Скрининг өлшемшарттарына сәйкес құжаттар топтамасын ұсыну қажет.
Инвесторлар үшін инвестициялық артықшылықтарын көрсете отырып, оның ішінде қызығушылық тудыратын жобалардың кезеңдері, пайдалы қазбалардың түрлері және өзара іс-қимыл форматы туралы ақпаратты қамтитын инвестор сауалнамасын толтыру қажет. Бұл кейінгі өзара іс-қимыл үшін релевантты жобаларды таңдауға мүмкіндік береді.
Өтінім берілгеннен кейін сауалнамаға бастапқы тексеру жүргізіледі.
Жобалар скрининг пен валидациядан өтеді, оның нәтижелері бойынша кезеңдер мен пайдалы қазбалардың түрлері бойынша топтастырылған жобалар пулы қалыптастырылады. Белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмейтін немесе қажетті көлемде ақпарат ұсынбаған жобалар платформаның пулына енгізілмеуі мүмкін.
Инвесторлар өздерінің инвестициялық профилін қалыптастырады, соның негізінде релевантты жобаларды іріктеу жүзеге асырылады.
Осыдан кейін инвесторлар жоба материалдарына қол жеткізіп, әрі қарайғы өзара іс-қимылға қызығушылықтарын дербес, оның ішінде платформа іс-шаралары аясында да айқындайды.
Жоқ, платформа жобаларға геологиялық немесе экономикалық бағалау жүргізбейді. Ол ұсынылған ақпарат негізінде жобаларды құрылымдау, валидациялау және сәйкестендіру функциясын орындайды.
Жобалар пулы қалыптастырылғаннан кейін инвесторлар материалдарға қол жеткізіп, әрі қарайғы өзара іс-қимыл үшін жобаларды дербес таңдайды.
Junior Mining Investment Day – бұл Astana Finance Days аясында өткізілетін Junior Mining Platform-ның негізгі іс-шарасы, ол жоба бастамашылары мен инвесторларды бір алаңда біріктіреді.
Іс-шараның негізгі элементі – питч-сессиялар. Олардың аясында алдын ала скринингтен өткен жобалар инвесторларға өздерінің инвестициялық мүмкіндіктерін, негізгі параметрлері мен даму әлеуетін таныстырады.
Қосымша ретінде жобаларды және ықтимал ынтымақтастық нысандарын неғұрлым егжей-тегжейлі талқылауға бағытталған жеке кездесулер (B2B) ұйымдастырылады. Сондай-ақ іс-шара іскерлік байланыстар орнатуға және кейінгі инвестициялық өзара іс-қимылдың негізін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Негізгі құралдарға мыналар жатады:
• Earn-in келісімдері – кезең-кезеңімен инвестициялау тетігі, оған сәйкес инвестор келісілген шарттар орындалғаннан кейін жобаның үлесіне ие болады;
• Роялти келісімдері – инвестор жобаның кірісінен немесе өндірілген өнім көлемінен үлес түрінде табыс алатын қаржыландыру нысаны;
• Стриминг келісімдері – инвестор алдын ала келісілген баға бойынша болашақ өнімнің бір бөлігін сатып алу құқығына айырбас ретінде қаржыландыру ұсынатын тетік;
• Опциондық келісімдер – белгілі бір шарттар орындалған жағдайда инвесторға жобада үлес сатып алу құқығын береді;
• Бірлескен кәсіпорындар – қатысушылар жобаны іске асыру үшін ресурстарды біріктіріп, тәуекелдер мен нәтижелерді бөлісетін серіктестік нысаны.
Аталған құралдар тау-кен жобаларын қаржыландырудың халықаралық тәжірибесінде кеңінен қолданылады.
Жоқ, платформа қаржыландыру ұсынбайды және инвестициялық шешімдер қабылдауға қатыспайды. Барлық шешімдерді инвесторлар мен жоба иелері қабылдайды.
Иә, жобалар үшін өтінімді қарау және платформаның іс-шараларына қатысуды ұйымдастыру мақсатында тіркеу жарнасы қарастырылған.
Жоқ, платформа мәмілелер жасалатынына немесе қаржыландыру тартылатынына кепілдік бермейді.
Өтінімдер мен жобалық құжаттамаларды қабылдау 15 сәуір мен 15 маусым аралығында жүзеге асырылады.
16 маусым мен 15 шілде аралығында скрининг жүргізіліп, жобалар пулы қалыптастырылады.
Жобалар пулы қалыптастырылғаннан кейін инвесторлармен өзара іс-қимыл кезеңі басталады, оған материалдарға қолжетімділік беру және кездесулер ұйымдастыру кіреді.
Платформаның негізгі іс-шарасы – Astana Finance Days аясында 9-10 қыркүйекте өткізілетін Junior Mining Investment Day.