Қазақстан – минералды ресурстарға инвестиция тарту орталығы: Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалану

Кіріспе

Қазақстан стратегиялық маңызды пайдалы қазбаларға деген жаһандық сұраныстың артуынан пайда алуға қолайлы мүмкіндіктерге ие. Әлемдік сұраныстың жеделдеуі жағдайында ел жаһандық жеткізу тізбектерінің маңызды буынына айналуда. Бұл әлеуетті толық іске асыру үшінәсіресе junior mining сегментіндегі геологиялық барлау жұмыстарына елеулі капитал тарту, ESG қағидаттарын кеңінен енгізу және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған реформаларды жалғастыру қажет. 

Негізгі қорытындылар

Жаһандық нарықтың дамуы стратегиялық маңызды пайдалы қазбаларға қарай жылдам ауысуда 

Жаһандық энергетикалық ауысудың әсерінен алдағы жиырма жыл ішінде литийге, кобальтқа, сирек жер металдарына және мысқа сұраныс бірнеше есе өседі деп күтілуде. Инвесторлар тау-кен саласын стратегиялық активтер класы ретінде барған сайын көбірек қарастыруда. Сонымен қатар, junior mining компаниялары тәуекелдердің жоғары бағалануы мен қаржы экожүйесінің жеткілікті дамымауына байланысты капитал тартуда қиындықтарға тап болып отыр. 

 

Қазақстан табиғи ресурстарға байлығы, геосаяси бейтараптығы және тиімді географиялық орналасуымен ерекшеленеді 

Әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел бола отырып және мыс, сирек жер металдары мен литийдің елеулі қорларына ие Қазақстан Еуразияның негізгі сауда дәліздерінің тоғысында орналасқан. Бұл ретте реттеушілік, құқықтық және ESG мәселелері тиімді шешілген жағдайда жаһандық капиталды тартуға қолайлы жағдай қалыптасады. 

Жаһандық инвестицияларды тарту үшін Қазақстанға геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу экожүйелерін одан әрі дамыту маңызды. 

Жер қойнауы туралы кодекстегі реформалар мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIFC) стратегиялық рөлі бұл бағыттағы берік негізді қалыптастырады. Геологиялық барлаудың бастапқы кезеңдерін қаржыландыру тетіктерін дамыту және ел ішіндегі өңдеу қуаттарын кеңейту келесі маңызды қадамдар болып табылады. 

 

AIFC капитал тартуды жеделдетіп, инвесторлардың сенімін нығайта алады 

Ағылшын жалпы құқығына негізделген құқықтық жүйесі, салықтық жеңілдіктері және жасыл қаржыландыру құралдарының кеңеюі арқасында AIFC мәмілелерді құрылымдау, листинг өткізу, төрелік ету және бірлескен кәсіпорындар құру үшін сенімді юрисдикция ретінде қалыптасып келеді. Junior mining саласына қатысты заңнамадағы соңғы өзгерістер бұл артықшылықтарды одан әрі күшейтті. 

Әлемнің жетекші юрисдикцияларымен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Қазақстан junior mining және геологиялық барлау жобаларын ынталандыру мен ілгерілетуге көбірек назар аударуы мүмкін. 

2050 жылға қарай әлемдік тау-кен саласына шамамен 2,1 триллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет болатынын ескере отырып, Қазақстан тек табиғи ресурстарға бай ел ретінде ғана емес, жаһандық энергетикалық ауысудың сенімді серіктесі ретінде де өз позициясын нығайтуға бірегей мүмкіндікке ие. 

 

Авторлар туралы

Төлешев Аян

Төлешев Аян

Директор, Салалық талдау департаменті

Қарымсақов Тимур

Қарымсақов Тимур

Директор, Деректер аналитикасы және есептілік департаменті

Мәншүк Мұхамеджанова

Мәншүк Мұхамеджанова

Бас менеджер, Деректер аналитикасы және есептілік департаменті

AIFC Services Assistant