AFSA кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу бойынша нормативтік базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қамтылған консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 28 шілдесі
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу бойынша нормативтік базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қамтылған консультациялық құжатты ұсыныстар мен пікірлер алу мақсатында жариялады.
Кредиттік рейтингтік агенттіктер (КРА) кредиттік тәуекелдің тәуелсіз бағалауын ұсына отырып, қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға ықпал ете отырып, тәуекелдер туралы ақпаратты ашып және тұрақтылықты сақтап тұру үшін реттеуші әрекеттердің қабылдануына ықпал ете отырып, қаржы нарықтарының ашықтығы мен тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Инвесторлар мен қаржы институттары негізделген инвестициялық шешімдер қабылдаған кезде кредиттік рейтингтерге сүйенеді.
Үздік халықаралық практикаларға жүргізілген талдауға сәйкес, AFSA АХҚО-да КРА-ны реттеу режимін одан әрі нығайту үшін екі опцияны ұсынады: (1) КРА-ның қосалқы қызметтерді жеткізуші мәртебесінен авторизацияланған компания мәртебесіне ауысуы және қолданыстағы реттеуді одан әрі жақсарту және (2) қолданыстағы реттеуді одан әрі жақсарта отырып, КРА-ны қосалқы қызметтерді жеткізуші ретінде реттеудің ағымдағы практикасын сақтау.
Бұл ұсыныстар КРА үшін реттеуші ортаны жетілдіруге, сенімді және тиімді қадағалауды қамтамасыз етуге және кредиттік рейтингтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл құжаттағы ұсыныстар КРА, AFSA лицензиаттары, КРА-дан кредиттік рейтингтер алуға мүдделі заңды тұлғалар, кредиттік рейтингтерді пайдаланушылар және Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен қаржылық қадағалау органдарын қоса алғанда, кез келген басқа да мүдделі тараптар үшін қызығушылық туғызады.
Біз мүдделі тараптарды өз пікірлерін қалдыруға шақырамыз.
Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 28 шілдесі. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.
AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.
Консультациялық құжатқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізуге болады: https://orderly.myafsa.com/articles/consultation-paper-afsa-p-ce-2024-0007-from-27-june-2024-on-proposals-to-enhancements-to-credit-rating-agencies-framework.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.
АХҚО-да 78 елден 2700-ден астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz
Байланыс ақпараты:
Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті
+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45