AFSA банкроттық туралы АХҚО актілеріне ұсынылатын түзетулер жөніндегі консультациялық құжатты жариялады. Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 19 қазаны

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) банкроттық туралы АХҚО актілеріне ұсынылатын түзетулер жөніндегі консультациялық құжатты нарықтан ұсыныстар алу үшін жариялады. Консультациялық құжатқа мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: Consultation Paper AFSA-L-CE-2024-0003 from 19 September 2024 on Proposed Amendments to the AIFC Insolvency Framework (myafsa.com)

Осы құжатта баяндалған ұсыныстар барлық жеке тұлғалар мен АХҚО-дағы ұйымдарға, сондай-ақ олардың кәсіби консультанттарына қызықты болады.

Берешектерді қанағаттандыру кезектілігіне айқындық енгізу қажеттілігін ескере отырып және қолданыстағы құқықтық базаға сәйкес келтіру мақсатында осы консультациялық құжатта банкроттық туралы АХҚО актілерін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылады:  

  1. AFSA және Компаниялар тіркеушісі алдында берешегі бар айыппұлдарды және салық органы алдындағы салық берешегін төлеу кезектілігін айқындау;
  2. Банкроттық туралы АХҚО актілерінің ережелерін басқа актілермен үйлестіру.

Пікірлер берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 19 қазаны. Пікірлеріңізді алғаннан кейін біз осы құжатқа қандай да бір нақтылаулар қажет пе екенін қарастырамыз.

AFSA пікірлерді [email protected] электрондық поштасы арқылы алуды жөн көреді.

Анықтама үшін: 

Анықтамалық ақпарат:

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қаржылық қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында құрылған АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі. АХҚО ережелері мен қағидалары қаржы компаниялары мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредиттеу және қадағалау мәселелерін көздейді.

АХҚО-да 82 елден 3000-нан астам қатысушы компания тіркелген. Бұл компаниялар банктік, сақтандыру, инвестициялық, кәсіби және басқа қызметтерді ұсынады. АХҚО-да ұсынылатын қаржылық қызметтер спектрі Лондон, Гонконг, Сингапур, Дубай және т.б. сияқты әлемнің бұрыннан қалыптасқан қаржы орталықтарында қолжетімді қызметтер тізімімен ұқсас. www.afsa.kz 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz  

Байланыс ақпараты:

Жұртшылықпен байланыс және коммуникациялар департаменті

+7 (717) 264 73 43; +7 7172 61-37-45

[email protected]

AIFC AI assistant