«SAIPRO GROUP» ЖШҚ Өзбекстанда алғашқы корпоративтік жасыл облигацияларды шығарды

2023 жылғы желтоқсанда «SAIPRO GROUP» ЖШҚ Өзбекстан Республикасының тікелей инвестициялар қоры мен АХҚО Жасыл қаржы орталығының (ЖҚО) көмегімен 4 000 000 (төрт миллион) доллар баламалы сомаға және айналым мерзімі 5 (бес) жыл болатын корпоративтік жасыл облигацияларды дебюттік орналастыруды жүзеге асырды.

SAIPRO Group жасыл облигациялары Өзбекстанның коммерциялық банктері мен даму қорлары арасында орналастырылды.

Осы облигацияларды орналастырудан түскен қаражат «Green Hills Resort» курортының құрылысына экологиялық технологияларды енгізу жөніндегі жобаны іске асыруға бағытталатын болады, бұл оның экологиялық әсерін айтарлықтай түсіреді және оны орнықты етеді.

Жобаның тұжырымдамасы қоршаған ортаға әсерді азайту үшін бірқатар қосымша экологиялық әрі тұрақты әдістер мен технологияларды, соның ішінде электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды, қалдықтарды кәдеге жарату жүйесін енгізуді, сондай-ақ барлық экологиялық стандарттарға сәйкес келетін тазарту қондырғыларын, ауыз су мен ағынды суларға арналған технологиялар мен жабдықтарды орнатуды қамтиды.

АХҚО Жасыл қаржы орталығы ұсынған Second-Party Opinion форматындағы сыртқы бағалауға сәйкес, SAIPRO GROUP тартылған қаражатты басқару мен бөлу, жобаларды іріктеу, әлеуметтік маңызы бар іске асырылып жатқан жобалар туралы есептілік пен ашықтықты басқаруда өздерін жақсы қырынан көрсете алған.

АХҚО Жасыл қаржы орталығының Директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Келбетов:

«АХҚО Жасыл қаржы орталығы Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның түрлі елдерінде экологиялық жауапкершілік пен әлеуметтік прогреске ықпал ететін жобаларды қолдап қана қоймай әріптестік құра отырып, жергілікті деңгейде ғана емес, өңірлік деңгейде де тұрақты қаржыландыруда негізгі ойыншы болуға ұмтылады. Жасыл қаржы орталығының көмегімен Өзбекстандағы алғашқы корпоративтік жасыл облигацияларды орналастыру біздің тұрақты болашақты құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, осы жерде қаржы экологиялық жауап және инновациялық бастамаларды қолдауда шешуші рөл атқарады. Бұл тек қана бастамасы екеніне сенімдімін және біз Өзбекстанда жаңа өнімдер мен тұрақты қаржы тетіктерін дамытуға әрі енгізуге мүдделі екенімізді жеткіземіз», – деп пікір білдірді. 

Анықтамалық ақпарат:  

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу, жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық, реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz 

АХҚО Жасыл қаржы орталығы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы бойынша құрылған, ол Қазақстанда және Орталық Азияда жасыл қаржы құралдарын енгізу, АХҚО-ны жасыл қаржы орталығы ретінде ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанға жасыл инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейдіhttps://gfc.aifc.kz/

AIFC AI assistant