VentureRocket Eurasia платформасы Venture Studio және стартап тәлімгерлік қызметтерін іске қосады

Бұрын АХҚО Tech Hub және Titanium Technologies тобы негізін қалаған Орталық Азиядағы алғашқы стартап-инвестициялық платформа ретінде белгілі VentureRocket Eurasia (VRE) Venture Studio және стартап-тәлімгерлік қызметін іске қосады.

Бұл компанияның стратегиясы мен қызметінің өзгергенін көрсетеді: енді VentureRocket Eurasia – бұл бизнесті құруда технологиялық стартаптарға қолдау көрсететін, сондай-ақ техникалық және іскерлік қызметтерді ұсынатын және инвесторлармен қарым-қатынас орнатуға және жаңа стратегиялық серіктестер табуға көмектесетін платформа.

«VentureRocket Eurasia нарықты зерттеу, стратегиялық жоспарлау, капиталға қол жеткізу және экожүйе ойыншыларымен қарым-қатынас орнату сияқты салаларда құнды қолдау көрсету үшін жеткілікті түрде өсті. Біздің қызметтеріміз кәсіпкерлерге табысты бизнес құруға көмектесетін және барлық қатысушылар үшін жаңа жұмыс орындарына, экономикалық өсуге және жақсы нәтижелерге әкелетін жоғары деңгейдегі команданың тәжірибесі мен ресурстарына қолжетімділікті қамтиды», – деп атап өтті VentureRocket Eurasia бас директоры Назгүл Байтемірова.

Қаржыландыру мүмкіндіктерінен басқа, команда технологиялық стартаптар мен инвесторларға қосымша қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алады:

-VC-қызметтері – әр кезеңде қаражат жинауды жүргізу және қолдау саласындағы сараптама және инвестормен байланыс орнатуға және қолдауға көмектесу;

-Venture Studio қызметтері – нарық стратегиясы, бизнес-жоспар, қаржылық модельдеу, венчурлік стратегия және нарыққа кіру стратегиясы бойынша құжаттарды дайындау, пич-дек құруға көмектесу, тәлімгерлік және т.б.;

-Стартап тәлімгерлігі – толық мәмілені құрылымдау және жеке орналастыруды қолдау, қаражат жинау үшін капиталдандыру кестесін дайындау және стартапқа инвестициядан кейінгі қолдау;

– Техникалық көмек – стартап өнімін әзірлеуде қолдау көрсету.

«Біз Орталық Азиядағы стартаптарды қолдауға қажетті құралдарды ұсынамыз және бұл аймақтық венчурлік капиталдың экожүйесінің өсуіне ықпал ететініне сенімдіміз», – деп толықтырды Назгүл Байтемірова.

Егер сіз стартап болсаңыз, VentureRocket Eurasia сайтында мына сілтеме арқылы тіркеліңіз – https://company.venturerocket.vc/.

Тексерілген технологиялық стартаптарға инвестиция салғысы келетін инвестор болсаңыз, мына сілтемеге өтіңіз – https://eco.venturerocket.vc/

Анықтамалық ақпарат:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде шоғырлану болып табылады.  www.aifc.kz

АХҚО Tech Hub – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) бөлімшесі, оның міндеті Қазақстандағы стартап экожүйесін, венчурлік индустрия нарығын, электронды коммерцияны, корпоративтік инновацияларды және жаңа технологиялық бағыттарды (FinTech, GovTech, SatelliteTech, Industry 4.0 және т.б.) дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Халықаралық серіктестермен бірге Tech Hub нарық ойыншыларын қолдау бағдарламаларын жүргізеді, венчурлік мәмілелерді құрылымдауға және АХҚО юрисдикциясының реттеуші құмсалғышында жаңа финтех шешімдерін сынауға көмектеседі. www.tech.aifc.kz

Titanium Technologies Group – бірінші дәрежелі зерттеу мен әзірлемелер және Venture Studio қызметтерін ұсынатын R&D орталықтары мен инновациялық компаниялардың жаһандық тобы. Сонымен қатар, Titanium Technologies Group Web3 және Data Science бөлімшелеріне ие.

www.titanium-tech.net

VentureRocket Eurasia – бизнесті құруда жаңа технологияларды қолдайтынинвесторлар мен жаңадан бастаған кәсіпкерлерге заңгерліктехникалық және іскерлік кеңес беру қызметтерін ұсынатын платформа.

www.venturerocket.vc

AIFC AI assistant