Нұр-Сұлтанда EdTech нарығының бүгіні мен болашағы талқыланды

АХҚО Бюросында тәжірибе алмасу және білім инновацияларын дамыту үшін кәсіби платформа құру арқылы елдегі білім беру технологияларының дамуына серпін беретін EdTech Camp өтті.
EdTech Camp жергілікті және халықаралық сарапшыларды, стартаптарды, салалық компанияларды, кәсіпкерлерді және Қазақстандағы білім беру саласын цифрландыруға мүдделі EdTech экожүйесінің өкілдерін жинады. Іс-шара қазіргі таңда қолданылатын практикалық аспектілерге бағытталған, мысалы: адами капиталды дамыту және оларды салаға тарту, инвесторлармен өзара әрекеттесу және осы бағыттағы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, технологиялар транзиті, заманауи кейстер мен бизнес мүмкіндіктері, сонымен қатар Қазақстанда және әлемде EdTech-тің даму перспективалары бар.

Киберқауіпсіздік, ақпараттық технологиялар, өзгерістерді басқару, жобалық қызмет, цифрландыру және технологиялар саласындағы сарапшылар өз тәжірибелерімен және саланың дамуы туралы пікірлерімен бөлісті. Іс-шараның арнайы шақырылған қонағы, халықаралық деңгейдегі сарапшы және SkyEng компаниясының контент-директоры (Ресейдегі және Еуропадағы №1 ағылшын тілін үйрететін онлайн-мектебi), электрондық коммерция және B2B саласындағы бірнеше сәтті интернет-жобалардың негізін қалаушы Михаил Свердлов болды.
Сондай-ақ EdTech шарасында АХҚО Бюросының адами капиталды дамыту, цифрландыру және білім беру технологиялары бойынша серіктестері Руслан Рақымбай – QazAngels Business Angels Club-тың бірлескен құрылтайшысы және бас директоры, Эльмира Сейдазимова – АХҚО Бюросы Бас атқарушы директорының орынбасары, Серiк Шәкарiм – Seedstars Kazakhstan-ның бас директоры, Мадияр Төлеуғали – KPMG Digital Village жетекші маманы, Алмас Молдаканов – Microsoft ТМД-дағы бизнесті дамыту және білім беру менеджері сөз сөйледі.

Халықаралық сарапшылардың семинарларынан басқа, АХҚО Бюросы мен SeedStars Kazakhstan бірлескен бағдарламасы аясында EdTech жобаларын құрушылардың презентациясы өтті. Бағдарламаға іріктеу 2020 жылдың әр тоқсанында жүзеге асатын болады.
АХҚО Бюросы EdTech индустриясына өзінің үлесін қоспақ ниетте. Осылайша төртінші өнеркәсіптік революцияның қиындықтарына төтеп беру мақсатында технология мен адамдар погрестің бірден бір қайнар көзіне айналады. АХҚО Бюросы EdTech бағытын белсенді қолдайды. Сол себепті өзінің алаңында кәсіби қоғамдастық құрып, EdTech-ті белсенді дамыту үшін түрлі мүмкіндіктер ұсынбақ.


Сұраулар:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.
www.aifc.kz
BCPD Ltd. кадрлық әлеуетті кеңейту және АХҚО эко-жүйесінде және ашық нарықта жұмыс істеу үшін жергілікті мамандардан халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар пулын қалыптастыру мақсатында үздіксіз кәсіби даму саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, халықаралық кәсіби сертификаттауға маманданған.

AIFC AI assistant