AIFC GFC ҚР Экологиялық кодексінің жобалары бойынша қорытынды дайындау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты
2020 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Экологиялық кодекстің пен экология мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобалары қорытынды дайындау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, оған АХҚО Академиялық кеңесінің мүшесі Б.Ж. Әбдірайым мен АХҚО Жасыл қаржы орталығының өкілдері қатысты.
Қазақстанның жасыл экономикаға өту міндеттері тұрғысынан АХҚО бұған дейін жасыл қаржыландыру саласында бірнеше заңнамалық, атап айтқанда жеке кәсіпкерлік субъектілерін «жасыл несиелеу», «жасыл облигациялар» және т.б. сияқты жасыл қаржыландырудың құралдарын қолдануға ынталандыру бойынша бастамалар жасаған болатын. Жасыл қаржы саласындағы ұғымдар аппаратын заңнамалық деңгейде біріздендіру үшін АХҚО «жасыл» қаржыландыру, «жасыл» жобалар, таксономия, «жасыл» облигациялар мен «жасыл» кредиттер анықтамаларын енгізу бөлігінде ҚР жаңа Экологиялық кодексіне бірқатар түзетулер ұсынды.
Жұмыс тобының келесі отырысы 2020 жылдың 17 наурызында өтеді.