AIFC GFC ЕҚДБ-ға 2019 жылдың екінші жартыжылдығындағы жетістіктерімен таныстырды
АХҚО алаңындағы кездесу барысында АХҚО Жасыл қаржы орталығының Бас директоры Әсел Нұрахметова Орталықтың 2019 жылдың екінші жартыжылдығындағы қызметінің жетістіктерін ЕҚДБ Президенті Сэр Сума Чакрабарти мен ЕҚДБ Вице-президенті Аннемари Страатоф ханымға таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында жасыл қаржыны дамыту үшін заңнамалық тұрғыдан үйлестіру және мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықпен бірлесіп АХҚО Биржасында Жасыл облигацияларды шығару қағидаларына қосымша болатын Жасыл таксономия жобасын әзірлеу бойынша жұмыс атап өтілді. Сондай-ақ жасыл облигациялардың әлеуетті эмитенттерімен белсенді жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, 2019 жылдың соңындағы маңызды оқиға – AIFC Green Finance Centre жеке заңды тұлға және АХҚО қатысушысы ретінде құрылуы болды.
Сума Чакрабарти мырза атқарылған жұмыстар мен қол жеткен нәтижелерге жоғары бағасын берді.