Жасыл қаржы орталығы Даму қорымен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін талқылады
АХҚО Жасыл қаржы орталығы (бұдан әрі – ЖҚО) Бас директоры Айдар Қазыбаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Даму) Басқарма Төрағасы Гаухар Бөрібаевамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында А.Қазыбаев пен Г.Бөрібаева жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты инновациялық қаржы құралдарын пайдалану арқылы инвестицияларды тарту бойынша 2021 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын, сондай-ақ орнықты даму саласындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын талқылады. Даму Төрағасы сонымен қатар ЖҚО-ның Қазақстанның Даму Банкімен бірлескен жобаларды құру саласындағы ынтымақтастығы жасыл облигациялардың көлемді шығарылымы үшін перспективалы болатынын атап өтті.
Бірлескен қызмет кезеңінде, соның ішінде АХҚО Жасыл қаржы орталығы екінші пікір түрінде тәуелсіз қорытынды берген сәт – Дамудың жасыл облигацияларын AIX сауда жүйесінде сәтті дебюттік орналастыру процесінде берік іскери қарым-қатынас орнаған болатын.
Бұған дейін АХҚО әкімшілігі жаңа Экологиялық кодекстің жобасын қабылдау аясында ҚР Кәсіпкерлік кодексінде бизнесті «жасыл» кредиттер мен «жасыл» облигацияларды пайдалануын экономикалық ынталандырудың, атап айтқанда, «жасыл» облигациялар бойынша купондық мөлшерлемені субсидиялау шараларын нақтылайтын ілеспе нормалардың жобасын ұсынған еді.
ЖҚО Дамумен бірге «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялаудың басқа да бағдарламаларына қатысты қолданылатын тетікті пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдаудың аталған шараларын іске асыруға болатын ұстанымды тұжырымдамалық түрде келісілді. Қазіргі уақытта ҚР Парламентінің Мәжілісі Экологиялық кодекстің жобасын бірінші оқылымда қабылдады, ал «жасыл» қаржыландыруды экономикалық ынталандыру мәселелерін қоса алғанда, оған ілеспе заңнамалық актілерді Мәжіліс жанындағы жұмыс тобы қарап жатыр.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді.