АХҚО Жасыл қаржы орталығының өкілдері «Қазақстандағы жасыл облигациялар» тақырыбындағы вебинарға қатысты

АХҚО Жасыл қаржы орталығының (бұдан әрі – ЖҚО) өкілдері жасыл облигациялар тақырыбына арналған Қазақстандағы алғашқы вебинарға қатысты.

Вебинарды RAEX-халықаралық тобына кіретін және рейтингтік-аналитикалық индустрияда 20 жылдан астам тәжірибесі бар тәуелсіз еуропалық рейтингтік агенттік RAEX-Europe ұйымдастырды. Агенттік халықаралық шкала бойынша классикалық кредиттік рейтингтерді, сондай-ақ ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративті) кредиттік рейтингтерді тағайындайды. RAEX-Europe сонымен қатар жасыл облигациялар үшін ESG рэнкингі мен верификациясын жүзеге асырады.

ЖҚО өкілдері Манас Гиждуаниев пен Нағима Аюбаева вебинарға қатысушыларды орталықтың қызметімен және қол жеткізілген нәтижелермен таныстырды, жасыл облигациялар және онымен байланысты қызметтер, сондай-ақ АХҚО платформасының нарық қатысушылары үшін артықшылықтары туралы баяндап берді.

Вебинарда биылғы 11 тамызда өткен АХҚО биржасындағы жасыл облигациялардың дебютті шығарылымына ерекше назар аударылды. «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Қарыз алу және халықаралық қатынастар департаментінің директоры, эмитенттің өкілі Адина Берікқызы да вебинарға қатысып, осы шығарылым аясында іске асырылып жатқан инвестициялық жасыл жобалар туралы айтты.

 

Анықтамалық ақпарат

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.

АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді. aifc.kz

 


 

AIFC AI assistant