АХҚО Жаһандық жасыл қаржы индексінде 5 орынға көтерілді
2021 жылғы сәуірде Нұр-сұлтан қаласы атынан АХҚО Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі бірінші жолдан Жаһандық жасыл қаржы индексіне (GGFI) сәтті еніп, әлемдік рейтингте 57-ші орынға ие болды.
2021 жылғы 20 қазанда жарияланған GGFI 8 кезекті басылымында Нұр-Сұлтан қаласы 52-ші орында тұр және жасыл қаржыландыруды дамытуда Мәскеу, Прага, Варшава және Стамбул сияқты қалалардан алда келеді.
Осы уақыт ішінде реттеушілермен, қаржы институттарымен, бизнеспен және қоғаммен жасыл қаржыландыру құралдарын қолдану, ESG-қағидаттарын енгізу және төмен көміртекті дамуға көшу бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді.
Айта кету керек, АХҚО Жасыл қаржы орталығы “Белдеу және жол” бастамасын Жасыл инвестициялау қағидаттарының өңірлік офисіне айналды, оның негізгі міндеті ESG-саясатын енгізу және Орталық Азияның қаржы институттарында жасыл қаржыландыру құралдарын қолдану болады.
Анықтамалық ақпарат
«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО-ны Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады.
АХҚО миссиясы – өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді.
Жасыл қаржыны дамыту үшін АХҚО-да орнықты қаржыландыру құралдарын енгізу және дамытумен және Қазақстан мен Орталық Азиядағы экологиялық және әлеуметтік жобаларға инвестицияларды тартумен айналысатын Жасыл қаржы орталығы құрылды. Орталықтың акционерлері – АХҚО Әкімшілігі және Еуразиялық даму банкі.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы өткен жылдың тамызында Қазақстан мен өңірдегі жасыл облигациялардың бірінші шығарылуына толық қолдау көрсетті. Сондай-ақ, АХҚО Жасыл қаржы орталығы ұлттық экологиялық заңнамаға жасыл қаржы және Жасыл таксономия (іріктеудің техникалық өлшемшарттарына сай экономикалық қызмет пен жобалардың жіктеуіші) анықтамаларын енгізді. Жаңа заңнамада жасыл қаржыландыру құралдарын пайдаланатын кәсіпкерлерге ынталандыру қарастырылған.
Жаһандық жасыл қаржы индексін (GGFI) Z/Yen Group пен Finance Watch 2018 жылдың наурызында іске қосты. Индекс әлемдік қаржы орталықтарының қаржы жүйесіндегі орнықты дамуды қамтамасыз ететін бағыттағы прогресін көрсетеді және әлеуметтік және экологиялық аспектілерді пайдадан кем емес деңгейде бағалайды. Индекс түрлі көрсеткіштер бойынша жасыл қаржы орталықтарының рейтингтерін құру үшін қаржы қызметтері кәсіпқойларының, үкіметтік емес ұйымдардың, реттеуші органдар мен саясаткерлердің сауалнамалық бағалауын аспаптық факторлық талдаумен біріктіру арқылы жасалады. GGFI-дің әр шығарылымы үшін талдау бүкіл әлем бойынша бірқатар қаржы орталықтарына жүргізіледі. Қаржы орталықтарының бағалаулары онлайн-сауалнама арқылы жиналады.