АХҚО Жасыл қаржы орталығы Climate Bonds Initiative (CBI) ұйымымен аккредиттелдік
23 маусымында 2022 жылдың АХҚО Жасыл қаржы орталығы Climate Bonds Initiative (Климаттық облигациялар бастамалары) жасыл қаржыландыру стандарттарын анықтайтын халықаралық ұйымның аккредиттелген тексерушілер тізіміне енгізілді.
Осылайша, бүгінгі таңда Орталық әлемде тұрақты қаржыландыру қағидаттары мен таксономиясын әзірлейтін екі негізгі халықаралық ұйымда (ICMA және Climate Bonds Initiative, немесе CBI) аккредитацияға ие Орталық Азиядағы жалғыз институт болып табылады. Сонымен қатар Орталық Лондон қор биржасымен Sustainable Bond Market (SBM) сегментінде саудаға түсетін облигацияларға сыртқы бағалау беруге танылған.
Бұл атақ Орталыққа сертификаттау схемасы шеңберінде эмитенттің жасыл облигациялар саласындағы саясатын және сәйкесінше жобалардың CBI таксономиясы мен стандарттарға сәйкестігін растауды (“верификациялауды”) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осылайша, компаниялардың жасыл облигациялары аккредиттелген верификатормен оң бағаланып, CBI кеңесі тарапынан қосымша растау алынған жағдайда, CBI стандарты бойынша сертификатталған шығарылымдар ретінде танылады.
CBI стандарты мен сертификаттау схемасы — бұл Париж климаттық келісімінің мақсаттарына сәйкес келетін қатаң ғылыми критерийлерді қолдана отырып, облигацияларды, несиелерді және басқа да қарыздық құралдарды таңбалау схемасы. Схеманы бүкіл әлемде облигациялар эмитенттері, үкіметтер, инвесторлар және қаржы нарықтары климаттың өзгеруіне ықпал ететін инвестициялардың басымдылығын анықтау үшін қолданады.
АХҚО Жасыл қаржы орталығы 2020 жылдан бастап тұрақты облигациялар мен несиелерге сыртқы бағалау беру бойынша қызмет көрсетеді. Орталықтың ең ірі жобаларының бірі Halyk Bank-тің 7.9 млрд.теңге сомасындағы жасыл кредитін верификациялау, сондай-ақ Самұрық-Энерго-ның 18.4 млрд. теңге көлеміндегі жасыл облигациялары болып табылады. ҚР-дағы жасыл облигациялар мен кредиттердің 60% – ы АХҚО Жасыл қаржы орталығының сыртқы бағалауына ие.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО–ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады. www.aifc.kz
АХҚО Жасыл қаржы орталығы бұл Қазақстан мен Орталық Азияда жасыл қаржыны дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған АХҚО ұйымы. Негізгі мақсат–жасыл және әлеуметтік облигациялар сияқты трендтік қаржы құралдары арқылы тұрақты экономикаға инвестициялар тарту. Бұдан басқа, АХҚО жасыл қаржы орталығы өңірлік талдау орталығы бола отырып, үкіметтерге, квазимемлекеттік ұйымдар мен кәсіпкерлерге жасыл қаржы және тұрақты даму саласындағы стратегиялық және бизнес–консультациялар береді. Орталық әлеуетті эмитенттерге, инвесторлар мен нарық ойыншыларына АХҚО биржасында жасыл облигацияларды шығаруға дайындық мәселесі бойынша алғашқы көмек көрсетеді. www.gfc.aifc.kz