Онлайн Astana Finance Days аясында 8 елден 15 финтех-стартап Орталық Азия корпорацияларына өз шешімдерін ұсынды
Fintechstars Innovation Day стартаптар марафоны Онлайн Astana Finance Days аясында өтті. «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының (АХҚО) Финтех Хабы 8 елден 15 стартапты іріктеп алды. Бұл стартаптар KPMG, Сбербанк, ВТБ, Al Hilal Bank, Microsoft, Beeline, Halyk Bank секілді Орталық Азия корпорацияларына өз шешімдерін ұсынды. Шараның бас серіктесі Mastercard халықаралық төлем жүйесі екенін айта кетейік.
Стартаптардың арасында:
- Multis (Қазақстан) – ең жақсы несиелік ұсынысты іздеу.
- ARNI.io (Ресей) – сөйлесетін жасанды интеллект, адам ретінде сөйлесетін ақылды іздеу жүйесі.
- Boollo.Safe (Гонконг) – сақтандыру компаниялары арасында ең жақсы ұсынысты таңдауға мүмкіндік беретін сақтандыру платформасы.
- Upswot (Украина) – банктерге шағын және орта бизнестің бизнес жүйелеріне API қолдауымен кіруге көмектеседі.
- eCredit (Ресей) – автокөлік өндірушілері мен дилерлері үшін несиелік және сақтандыру өнімдерін сатуды басқаруға арналған платформа және т.б.
Стартаптар үшін банктермен, сақтандыру компанияларымен, мобильді операторлармен және Орталық Азиядағы бөлшек сауда орындарымен кездесулер ұйымдастырылады.
«Іс-шара жоғары деңгейде өтті, мен Fintechstars Innovation Day барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына тамаша ұйымдастырғаны және қызықты оқиғалары үшін алғыс айтамын. Mastercard бірнеше жыл бойы АХҚО-мен қолма-қол ақшасыз экономика мен төлем технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды жасауда жұмыс істеп келеді және біз Финтех Хаб қызметінің үлкен пайдасын көреміз, оны дамыту үшін өте үлкен қызмет саласы бар, онын көмегімен қаржылық және басқа шешімдер мен технологияларды жүзеге асыруға болады. Біз барлығына одан әрі табыс тілейміз», – деді Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркменстандағы және Өзбекстандағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка.
«Қазақстан және жалпы Орталық Азия қаржылық инновацияларды енгізу үшін үлкен әлеуетке ие. Іс-шараға дайындық кезінде біз 15 елдің 65 стартап-компанияларынан өтінім қабылдадық, бұл өз кезегінде аймақтың тартымдылығын көрсетеді. Финтех стартаптардың шешулерің банктерде, сақтандыру, телекоммуникация компанияларында және бөлшек саудада жүзеге асырудың көптеген мүмкіндіктері бар. Сондықтан біздің мақсаттарымыздың бірі – бұл әлемнің көптеген озық стартаптарын тарту», – деді АХҚО Финтех Хабының стартаптарды қолдау бағдарламаларының жетекшісі Тарас Волобуев.
Осындай сипаттағы оқиғалар аймақтағы финтех-сектордың дамуына серпін береді. АХҚО Финтех хабында 120-дан астам Fintech стартаптардың тәжірибеден өтуге, корпорациялармен байланыс орнатуға, түрлі іс-шараларға қатысуғ мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, АХҚО ағылшын құқығына негізделген көп функциялы құқықтық платформаны, қолайлы салық режимін және Орталықтың резидент компаниялардың операциялық қызметін ынталандырады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету. www.aifc.kz
АХҚО Финтех Хабы – бұл ғаламдық стартаптар, кәсіпкерлер, корпорациялар, инвесторлар, жетекші сала сарапшылары мен мамандары түйсетін орын. АХҚО-да финтехтың дамуына стартаптарды, корпоративті инновацияларды, венчурлық капитал нарығын, арнайы әзірленген ережелер мен финтех саласындағы өнімдер мен шешімдерді сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалар кіреді. http://www.fintech.aifc.kz/, http://www.fintechstars.aifc.kz/
Masterсard (NYSE: MA) – төлем саласында жұмыс істейтін ғаламдық технологиялық компания. Біздің міндетіміз – қауіпсіз, қарапайым, технологиялық және қол жетімді транзакцияларды қамтамасыз ету, сандық экономиканы дамыту және нығайту, бұл барлығына және барлық жерде пайда әкеледі. Қауіпсіз деректер мен желілерді қолдана отырып, серіктестік құру және бізді шабыттандыратын нәрсеге сүйене отырып, біз адамдарға, қаржы институттарына, үкіметтерге және бизнеске өздерінің үлкен әлеуеттерін жүзеге асыруға көмектесетін инновациялар мен шешімдерді ұсынамыз. Біздің мәдениетіміз және компанияның ішінде және одан тыс жерде жасайтын барлық іс-әрекетіміз дұрыс шешімге (DQ) сәйкес анықталады. Біз 210-дан астам елде және территорияда жұмыс жасаймыз және барлығына баға жетпес мүмкіндіктер ашатын тұрақты әлем құрамыз.