АХҚО сотының соты Алматы мен Астанада Қазақстанның заң қоғамдастығымен кездесті
Дүйсенбі күні 14 мамырда сот Джексон қазақстандық және халықаралық заң фирмаларының, ұлттық корпорациялар мен Алматыда орналасқан шетел компанияларының заңгерлері қатысқан АХҚО құқықтық конференциясында баяндама жасады.
Сот Джексон, Англия мен Уэльстің Апелляциялық сотының бұрынғы соты, заңгерлер мен дау тараптары АХҚО сотын қалай пайдалана алатындығы, олардың оның қызметіне қалай қатыса алатындығын, сондай-ақ барлық қол жеткізімді оның қызметтерін қалай пайдалануға болатынын түсіндіріп кетті. Ол сондай-ақ АХҚО қатысушысы болып табылмайтын және қаржы орталығына ешбір қатысы жоқ кез келген тараптарға даудың барлық тараптарының келісімі болған жағдайда АХҚО сотына шағым беруге мүмкіндік беретін арнайы юрисдикцияға ие болатындығы туралы айтып кетті. Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза, АХҚО сотының және Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) тіркеушісі мен аппарат басшысы қызметін атқарушы, Құқықтық конференцияда модератор ретінде қатысты, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталық жұмысына қатысты барлық сұрақтарға жауап берді.
Ол мынадай мәлімдеме жасады:
«Халықаралық Төрелік орталық дәстүрлі сот тыңдауларынан тыс коммерциялық дауды шешкімі келетін тараптарға сенімді баламаны қамтамасыз ету бойынша ең жоғары және барынша алдыңғы қатарлы әлемдік кластағы стандарттарды қолданып әлемдік кластағы төрелік пен медиация жөнінде қызметтер көрсетеді. Төрелік орталықтағы процедуралар барынша икемді және экономикалық тиімді болып табылады, сол арқылы АХҚО мен Қазақстан Республикасына инвестициялауды қарастыратын халықаралық инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылыққа кепілдік береді».
Сондай-ақ осы аптада сот Джексон Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының соттарына АХҚО мен ХТО білім беру бағдарламасы шеңберінде лекциялар оқыды.
Осыдан басқа сот Алматыда КИМЭП Университетінің және Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің студенттерімен кездесті. Осы кездесулер мен лекциялар шеңберінде студенттер АХҚО Сотының жұмысы, ағылшын қоғамдық құқығы, Сэр Руперт Джексонның Англия мен Уэльсте азаматтық сот жүргізу ісін реформалау бойынша жұмыс тәжірибесі туралы танысты. Реформалар сот шығыстары мен процестер ұзақтығын қысқартуға арналған.
Сот Джексон Dentons халықаралық заң фирмасы ұйымдастырған, Астанадағы арнайы іс-шарада АХҚО Сотын таныстырды, ол жерде ол осы фирманың заңгерлері мен клиенттерімен кездесу мүмкіндігіне ие болды.
Ол былай деді:
«Мен үшін бір апта ішінде қазақстандық соттар, заңгерлер мен студенттермен кездесу үлкен қуаныш сыйлады. Заңгерлер мен профессорлар қазақстандық құқықтық жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Мен өте үлкен әсер алдым. Біздің практика мен жалпы құқық сотындағы тәжірибе қазақстандық заңгерлер мен соттар үшін қызықты да пайдалы болады деп сенемін. АХҚО соты жалпы құқық негізінде жұмыс істейді, сонымен бірзе біздер қазақстандық құқықтың пайдалы нышандарын да негізге аламыз. Барлық юрисдикциялар заңгерлеріне түрлі соттарға қатысып бір бірінен үйренері мен талқылайтын мәселелері көп».
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. https://aifc.kz/
АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.
АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.
Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.