АХҚО және ресейлік ірі бизнестің өкілдері өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Ресей Федерациясының мемлекеттік және бизнес ортасының өкілдерімен кездесті.

Кездесу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковтың қатысуымен өтті.

«Ресей бизнесі АХҚО ұсынатын жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге зор қызығушылық танытып отыр», – деді М. Бочарников.

АХҚО-ны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың дәулетін басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар, сондай-ақ жасыл қаржыландыру болып табылады.

«АХҚО-ның табысқа жетуі көбіне ресейлік компаниялардың қатысуымен байланысты, сондықтан біз оларды қаржы орталығы жұмысының барлық негізгі бағыттарындағы белсенді серіктестеріміз ретінде көргіміз келеді», – деді Қ. Келімбетов.

Кездесу барысында АХҚО және Мәскеу қор биржасын қоса алғанда ресейлік қаржы ортасының арасындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Ресейлік ірі бизнестің өкілдері АХҚО қызметіне зор қызығушылық танытып, ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін білдірді.

Сұраулар:

АХҚО2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады. 

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО, сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. 

AIFC AI assistant