«Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Waves блокчейн-платформасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Давоста (Швейцария) өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Waves блокчейн-платформасы ынтымақтастық және стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Серіктестік мақсаты – жаңа блокчейн-платформаны қолдана отырып, қаржылық технологияларға арналған озық экожүйені қалыптастыру.
«Waves платформасымен жұмыс жасай отырып, АХҚО қазақстандық стартаптарға өз жобаларын жаңа технологиялық деңгейде дамытуға мүмкіндік береді, осылайша аталған бастама Қазақстандағы блокчейн-технологиялардың танымалдығын арттыруға үлес қоспақ. Мұндай тез дамып келе жатқан, өз саласындағы көшбасшы компаниялармен серіктестік орнату АХҚО үшін блокчейн технологиясы элементтерін пайдаланып, қаржылық қызметтер индустриясына жаңа, тың шешімдер әзірлеуде құзыреттілік пен кәсіби мамандарды даярлауда орасан зор басымдықтар береді» – деп атап өтті АХҚО-ның цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева.
Waves Platform негізін қалаушы және СЕО Александр Иванов: «Біз өзара серіктестік Қазақстанға блокчейн-технологиялар саласындағы ең озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік беріп, АХҚО-ны әлемдегі аталмыш индустрияның алдыңғы қатарлы инновациялық орталықтарының біріне айналдыратынына сенімдіміз. Біздің серіктестігіміз аясында жинақталған тәжірибенің арқасында біз, сондай-ақ үздік шешімдерді, білім мен технологияны кеңінен тарата аламыз, бұл ТМД-дағы бүкіл блокчейн-экожүйені дамытуға оң әсерін тигізбек», – деп атап өтті.
Сонымен қатар тараптар қаржылық және блокчейн технологиялары саласындағы стартап-компанияларға қолдау көрсетуге және оларға Waves блокчейн-шешімдерін пайдалануға жол ашуға, сондай-ақ АҚХО-ның акселерациялық бағдарламасы алаңына шетелдік стартаптарды тартуға және оқытып-үйрету іс-шараларын өткізуге ниетті екендіктерін білдірді.
Сұраулар:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz
Waves Platform (http://www.wavesplatform.com/) — бұл бизнеске, ұйымдар мен инвесторларға арналған инновациялық шешімдерді ұсынатын халықаралық блокчейн-платформа. Waves блокчейнде эмиссияны, сауда жүргізу және активтерді/өз токендерін айырбастауды жүзеге асырады. Жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі – қолдану жеңілдігі мен жаппай енгізуге баса көңіл бөлуде. Бәтуаластық алгоритмі ретінде мұнда Proof-Of-Stake қолдану ұсынылады. 2016 жылдың маусым айында Waves ICO-ны (Initial Coin Offering — монеталарды жария сатуды) сәтті аяқтап, нәтижесінде $16 млн доллар (30 000 ВТС) жинады.