«Астана» халықаралық қаржы орталығы Мальта Республикасының қаржылық қызметтерді дамыту саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері мен тәжірибесін зерттеуде

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) делегациясы байланыс орнату және қаржылық қызметтер нарығын дамыту тәжірибесін зерттеу мақсатында Мальта Республикасына барды. Мальта Еуропа Одағының икемді реттеуші және салық тәртіптемесі бар қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығының бірі болып табылады.     

АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов Мальта Республикасы Үкіметі өкілдерімен, «Malta Financial Services Authority» қаржы нарығы реттеушісінің басшылығымен, «Finance Malta» және «Fund Industry Association» қаржы ұйымдарымен, сонымен қатар Мальта қор биржасымен келіссөздер жүргізді.

Бұдан басқа, сапар барысында мемлекеттік органдардың, соның ішінде Мальта резиденттерін тіркеу агенттігінің (Malta Residency Visa Agency) және «Henley&Partners», «Chetcuti Cauchi Advocates» жетекші заңгерлік фирмалардың өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Өткізілген кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде тараптар ақпарат алмасуға, АХҚО-ны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша бірлесіп семинарлар, дөңгелек үстелдер және іс-шараларды өткізуге уағдаласты.

Сұраулар:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

Malta Financial Service Authority (Мальта қаржы қызметтері басқармасы) – кредиттік-қаржы секторындағы, сонымен қатар банк саласындағы реттеу және қадағалау жүргізетін Мальта Республикасының мемлекеттік органы.

Malta Residence & Visa Agency (MRVA) – 2017 жылдың шілде айында құрылған арнайы мемлекеттік агенттік. Агенттіктің басты мақсаты Malta Residence & Visa Programme (MRVP) бағдарламасына қатысып отырған инвесторлардың қызмет көрсету спектрін жақсарту және өтініш беретіндердің кәсіби деңгейін арттыру болып табылады. MRVA жұмысы MRVP бағдарламасын Еуропа мен әлемдегі резиденттік бағдарламалардың ішінде ең тартымды бағдарлама ретінде жасады.    

Finance Malta – қаржылық қызметтерді дамыту үшін шараларды қолдана алатын өкілеттіктер берілген мемлекеттік жекеменшік серіктестік. Еуропа Одағының мүшесі бола отырып, Мальта халықаралық бизнеске, жоғары деңгейдегі кәсіби қызметтері, инфрақұрылымы, дамыған реттеу жүйесі және құқықтық құзыреттері бар инвестициялық резиденттікке елеулі артылықшылықтарын ұсынады. 

AIFC AI assistant