АХҚО ел қаржыгерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды

Бүгін қарашаның 15-і күні Қазақстан қаржыгерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен 15 қараша қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп жарияланған еді.

Еске салатын жайт, биыл төл теңгеміздің 25 жылдығы аталып өтіп отыр. Ұлттық валютаға теңге деген атауды Қазақстанның белгілі ғалымы, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық инженерлер академиясының академигі Сауық Тәкежанов берді. 2006 жылы 15 қарашада ұлттық теңге жаңа дизайнмен әрленіп, 200, 500, 1000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноталар айналымға шыққан еді. Ұлттық нақыштағы дизайнда мемлекеттік рәміздер, Қазақстанның сәулет нысандары мен табиғи ландшафтылары көрініс тапқан болатын.

Айтулы күнмен тұспа-тұс келген ірі шаралардың бірі – кеше «АХҚО» Биржасында алғаш сауда-саттықтың басталу рәсімі болды.

Төл теңгеміздің айналымға енуі – қазақстандықтар үшін ерекше тарихи маңызға ие сәт. АХҚО ұжымы барша қазақстандықтарды ұлттық валюта күнімен және еліміздің қаржы саласында ерінбей еңбек етіп жүрген қызметкерлерді қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтайды.

Еліміздің экономикасының гүлдене түсуіне қосқан сүбелі үлестеріңізге алғыс білдіре отырып, сіздерге зор денсаулық, ашық аспан мен бақ-береке тілейміз!

AIFC AI assistant