Жасыл жобалардың жіктелуі Қазақстан үшін әзірленетін болады
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) алаңында Қазақстан Республикасы үшін жасыл жобалардың таксономиясын әзірлеуге арналған семинар өтті.
Іс-шараға АХҚО Әкімшілігінің Басқарушы директоры Айдар Қазыбаев, Ұлттық экономика, энергетика, ҚР Ұлттық Банкі өкілдері, сондай-ақ Қытайдың жасыл қаржы жүйесін әзірлеуші, Қытай Халық Банкінің арнайы кеңесшісі, сондай-ақ Қытайдың жасыл қаржы жөніндегі комитетінің төрағасы Д-р Ма Цзюнь бастаған халықаралық сарапшылар тобы қатысты. Д-р Ма Цзюнь сондай-ақ Қытай мен Монғолияға арналған жасыл жобалар таксономиясын әзірлеуге қатысушылардың бірі.
Семинардың мақсаты жасыл банктік қаржыландыру және сақтандыру үшін Қазақстан Республикасы үшін жасыл жобалардың егжей-тегжейлі таксономиясын әзірлеу болып табылады (жергілікті ерекшелікті ескере отырып).
«Жасыл таксономия жасыл қаржыландыруды дамыту үшін негіз болып табылады, өйткені бұл тұрақты, жасыл экономикалық қызмет түрлері мен жобалар санаттарын жіктеудің бірыңғай жүйесі. Толық жіктеу қаржы жүйесінің барлық қатысушылары үшін ортақ және түсінікті тіл болады, өйткені ол жобаның мәнін анықтау бойынша инвесторлардың, жасылдылық дәрежесі бойынша әзірлеушілердің, сондай-ақ жасыл қаржы ағындарын анықтау және ынталандыру бойынша қаржылық реттеуіштердің талаптарына жауап береді», – деді Айдар Қазыбаев.
«Жасыл қаржының тиімді нарығын құру үшін, жасыл банкинг пен жасыл облигацияларды қоса алғанда, жасыл таксономиядан, ақпаратты ашудан, қаржылық өнімдер мен ынталандырудан тұратын экожүйе болуы тиіс. Қазақстан қазірдің өзінде жасыл және тұрақты қаржы үшін әсерлі жол картасын әзірледі. Қытай жасыл қаржы Комитеті мен Цинхуа университетіндегі менің командам Қазақстандағы әріптестеріне, әсіресе жасыл таксономия және оны қолдану саласында көмек көрсетуге дайын», – деді Ма Цзюнь.
Сондай-ақ, семинар шеңберінде сарапшылардың ҚР мемлекеттік органдарының өкілдерімен екіжақты кездесулері өтті, оның барысында елдегі жасыл жобаларды жіктеу бөлігінде ағымдағы жетістіктерді бағалау және түсіну мәселелері талқыланды.
Айта кетерлік, АХҚО биржасы жасыл облигацияларды шығару ережелерін қабылдады. Аталған ережелер АХҚО биржасында айналысқа рұқсат алу және ақпаратты ашу кезінде жасыл облигациялардың эмитентіне қойылатын талап болып табылатын жасыл жобалардың санаттарын анықтайды. Бұл категориялау Жасыл облигациялардың халықаралық қағидаттарына және Climate Bonds Initiative стандартында келтірілген Климаттық облигациялардың таксономиясына (жіктеуіне) негізделген.
Сұраулар:
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz
CBI. Инвесторларға бағдарланған және климаттың өзгеру проблемаларын шешу үшін облигациялар нарығын жұмылдырумен ғана жұмыс істейтін халықаралық коммерциялық емес ұйым. CBI нарықты ақпараттандыру және ынталандыру мақсатында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді, саясат модельдерін және үкіметтік ұсынымдарды, нарықтық деректер мен талдауды ұсынады, сондай-ақ климаттық облигациялардың стандарттар мен сертификаттау жүйесін басқарады. Қосымша ақпаратты алу үшін www.climatebonds.net сайтында көре аласыз.