ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту мәселелері туралы кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында Орталықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында қаржы нарығын дамыту және еліміздің биржа нарығы инфрақұрылымы, қаржы орталығының жұмысы реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды.
АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов: «Қаржы орталығы жалпы қолданыстағы 42 актіні (еск. – ағылшындық құқық негізінде), сондай-ақ құқықтық базаның ашықтығы мен «жинақылығын» қамтамасыз ететін қаржы қызметтерін реттеу бойынша 27 актіні қабылдады. Сонымен қатар, соттағы, сотқа дейінгі даулардың шешілу тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында а.ж. ақпан айында АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы eJustice сот төрелігі жүйесін ресми түрде іске қосты, бұл жүйе Нұр-Сұлтан қаласында нақты болмай-ақ әлемнің кез келген түкпірінен электронды форматта талапарыз беруге мүмкіндік тудырады. Бүгінгі таңда АХҚО-ында 150 қатысушы тіркелген, жыл соңына дейін бұл санды 250-ге жеткізу жоспарланған».
Талқылауға сонымен қатар Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, әділет министрі М. Бекетаев, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М. Тілеуберді, ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары А. Жұмабеков, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев, сонымен қатар Ұлттық банк төрағасының орынбасары Е. Біртанов қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин аймақтық қаржы орталығына айналуы тиіс АХҚО-ны одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Біздің басымдығымыз – АХҚО-ны дамыту. Мемлекет оның дамуы және табысты жұмыс істеуі үшін барлық жағдайларды жасап жатыр», – деді А. Мамин.
Кеңесте шетелдік инвестициялардың ағымын арттыру, жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу, қаржы саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Премьер – Министр Асқар Мамин сондай-ақ АХҚО сотының төрағасы Лорд Вульфпен, Барбара Доманн QC, Халықаралық төрелік орталығының (бұдан әрі-ХТО) төрайымы және АХҚО сотының судьясы Сэр Джек Битсонмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында АХҚО сот Төрағасы органның юрисдикциясы, оның қызметін реттейтін ережелер мен регламент туралы сөйледі. Ол АХҚО Сотының 2018 жылғы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ 2019 жылға арналған жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті. ХТО алаңында қолжетімді дауларды шешудің баламалы әдістері, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияға келетін инвесторлар үшін олардың артықшылықтары туралы ақпаратты Барбара Доманн QC ұсынды.
Сондай-ақ, кездесуде АХҚО және ХТО Сотының Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастығын талқылауға ерекше назар аударылды.

Сұраулар:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «АХҚО туралы» Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

www.aifc.kz

AIFC AI assistant