АХҚО Басқарушысы Чжэцзян қаржы және экономика университетін көріп шықты

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Басқарушысы Қайрат Келімбетов Қытай Халық Республикасына (ҚХР) сапары барысында Чжэцзян қаржы және экономика университетінде болды.
Университет басшылығымен кездесу барысында АХҚО үшін қаржы кадрларын дайындау саласында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Әлемдік ауқымдағы ірі ұйымдармен белсенді жұмыс істейтін Университет білім беру және кадрларды даярлау саласында бірлескен жобаларды одан әрі іске асыруға үлкен қызығушылық танытты.
АХҚО басымдықтарының бірі кадрлық әлеуетті дамыту және қазақстандық мамандардан АХҚО эко-жүйесінде және ашық нарықта жұмыс істеу үшін халықаралық деңгейдегі мамандар пулын қалыптастыру. Осы мақсаттарды іске асыру үшін АХҚО базасында халықаралық кәсіби сертификаттауға мамандарды дайындауға маманданған, ең үздік әлемдік тәжірибелерді қолдана отырып, үздіксіз кәсіби даму бюросы құрылды.
АХҚО Басқарушысы Чжэцзян университетінде оқып жатқан қазақстандық студенттердің сұрақтарына жауап берді. Қ. Келімбетов қаржы орталығының міндеттері мен мақсаттары туралы айтып, әлемнің ірі қаржы алаңдарымен ынтымақтастықты дамыту жоспарымен бөлісті.
АХҚО Басқарушысы білім бәсекеге қабілетті ұлттың қалыптасуы үшін қажетті актив болып табылатынын және студенттерге таңдаған салада үздіксіз жетілдіруге кеңес берді.

 

Сұраулар:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады.

AIFC AI assistant