АХҚО-да нотариаттық қызмет саласын дамыту мәселелерін ҚР-ның әділет органдарының өкілдерімен талқыланды

Әділет органдарының өкілдері, атап айтқанда ҚР Әділет вице-министрі А.Ахметова, Республикалық нотариаттық палатаның төрайымы А.Жанәбілова, Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.Атагазиева АХҚО-да нотариаттық қызмет саласын дамыту мәселелерін талқылау үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) болды.

Бүгінгі күні АХҚО қатысушыларының операциялық қызметінің белсенділігінің артуына байланысты ағылшын тілінде нотариаттық қызметтерге сұраныстың өсуі байқалады. Әлемнің 34 елінен 350 компания Қаржы орталығының алаңында тіркелген. АХҚО құзыреті отандық және шетелдік (РФ, АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Қытай, Гонконг және басқа да елдер) инвесторларға тартымды. Осыған байланысты кездесуге қатысушылар АХҚО-дағы нотариаттық қызметті реттеу және оны АХҚО алаңында институттандыру үшін қабылданатын өзге де шараларды талқылады.

Әділет органдарының өкілдері АХҚО-ға жасаған сапары аясында АХҚО соты және Халықаралық төрелік орталығымен (ХТО), Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі Комитеті, АХҚО Биржасы – AIX-пен және Экспат- орталығымен танысты.


Сұраулар:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыруды мақсат тұтады. АХҚО міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

AIFC AI assistant