Коммерциялық істер жөніндегі жетекші британдық адвокат Барбара Доманн АХҚО Халықаралық төрелік орталығының Төрайымы болып тағайындалды

Барбара Доманн ханымның халықаралық төрелік саласында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ коммерциялық істер жөніндегі жетекші адвокат ретінде жұмысын жалғастыруда. Осыған дейін ол Англия мен Уэльстің штаттан тыс судьясы; Катардың халықаралық сотының судьясы лауазымдарын атқарған.

Қазіргі уақытта ол Лондон халықаралық төрелік сотының мүшесі, Лондон халықаралық төрелік сотының, Париж халықаралық коммерциялық палатасының, сондай-ақ Гонконг Халықаралық төрелік орталығының аралық судьясы болып табылады.

«АХҚО Халықаралық төрелік орталығының Төрайымы лауазымына тағайындалуым, сондай-ақ осы өршіл бастаманы дамытуға үлес қосу мүмкіндігіне ие болу мен үшін аса үлкен мәртебе. Біздің мақсат – ХТО-ны төрелік және дауларды шешудің соттан тыс басқа да әдістері арқылы Еуразия өңіріндегі азаматтық және коммерциялық дауларды шешуге арналған нөмірі бірінші таңдауға айналдыру», – деп атап өтті Б.Доманн ханым.

 «АХҚО Халықаралық төрелік орталығы соттардағы азаматтық және коммерциялық дауларды реттеудің дәстүрлі әдістеріне өте жақсы балама болады. Орталық барынша икемді әрі дауласқан тараптардың сұраныстарына жедел түрде ден қоя отырып, төрелік пен медиацияны қоса алғанда дауларды соттан тыс реттеудің бірнеше түрін ұсынатын болады», – деді, ХТО Тіркеушісі Кристофер Кэмпбелл-Холт.  

Халықаралық төрелік орталығы өз жұмысын 2018 жылдың 1 қантарынан бастады. Халықаралық төрелік орталығының толықтай тәуелсіз әрі дербес алқасы, әртүрлі юрисдикцияларда жұмыс істейтін жоғары білікті халықаралық аралық судьялары мен медиаторлары бар. ХТО сот процесіне тәуелсіз, үнемді және жедел баламаны қамтамасыз етіп, азаматтық және коммерциялық дауларды шешу бойынша ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін болады. ХТО-ның басты айрықша белгілері ретінде сенімділік, әділдік, қолжетімділік және заңның ұлықтығының қалтқысыз қолданылуын айтуға болады.  

Халықаралық төрелік орталығы Қазақстан мен Еуразия өңірінде дауларды соттан тыс реттеу бойынша тренингтер ұйымдастыруға ықпал ететін және көмектесетін болады.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz 

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады. 

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады. 

AIFC AI assistant