АХҚО және ХТО сотында электрондық сот төрелігі жүйесін іске қосу
Бүгін АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығы («ХТО») Астанада Орталық Азия аймағы үшін бірінші болып табылатын «eJustice» электрондық сот төрелігінің жаңа жүйесін ресми түрде іске қосты. Жүйе АХҚО және ХТО соты өзінің IT-әріптесі, CrimsonLogic сингапурлық компаниясымен бірлесіп әзірленді.
eJustice – бұл онлайн-портал, ол тараптарға АХҚО және ХТО сотына электрондық түрде әлемнің кез келген нүктесінен Астанада физикалық қатысу қажеттілігінсіз талап-арыз беруге мүмкіндік береді. Портал заң құжаттарын электрондық өңдеу және сот ісін жүргізуді әкімшілендірудің барлық үдерісін басқаруға көмек көрсетеді.
Ол бірінші кезекте заңды және іскер топтар үшін АХҚО мен ХТО сотында қолайлылық пен қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, портал төрешілер мен судьяларға қолдау көрсетеді, ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес коммерциялық дауларды тез әрі үнемді шешуді қамтамасыз ете отырып, іс жүргізу мәселелерін шешуге көмектеседі.
Астанада өткен таныстырылымда eJustice электронды сот төрелігі жүйесі жүзден астам Қазақстандық заңгерлер, дипломаттар, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жоғары лауазымды өкілдеріне көрсетілді. Сондай-ақ жүйенің жеке тұсаукесері 27 ақпан күні Алматы қаласында өтеді.
eJustice электрондық сот төрелігі жүйесінің жобасы Қазақстан, Орталық Азия заңгерлерін, сондай-ақ жүйені тестілеу және оның болашақ пайдаланушыларынан түсініктемелер алу үшін халықаралық заң және іскер орталарды тарту арқылы аяқталды.
2019 жылғы 18-22 ақпан аралығында Астана мен Алматыда 35-тен астам Қазақстандық заңгерлер eJustice жүйесі бойынша тереңдетілген оқытудан өтті. Оқытудын мақсаты АХҚО соты мен ХТО-ның болашақ пайдаланушыларын өз клиенттерінің мүддесі үшін жүйені барынша пайдалануға дайындау болды. Одан әрі оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.
АХҚО сотының төрағасы Лорд Вульф былай деді:
«АХҚО және ХТО соты инновациялық және технологиялық жағынан ілгері болуға ұмтылады. Біз үшін маңызды міндеттердің бірі географиялық кедергілерді еңсеріп, сот төрелігіне қолжетімділікті барынша кеңейте алатын электрондық сот ісін жүргізу жүйесін әзірлеу болды. eJustice электрондық сот өндірісі жүйесін енгізу АХҚО және ХТО соты үшін елеулі жетістік болып табылады және көптеген жылдар бойы осы жүйелердің пайдаланушылары үшін қызмет ететін болады».
Тіркеуші және АХҚО және ХТО сот аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт Мырза, түсініктеме берді:
«Біз АХҚО және ХТО сотында дауларды уақтылы және экономикалық тиімді шешуді айтарлықтай жақсартатын eJustice электронды сот төрелігі жүйесін ұсынуға қуаныштымыз. Біз дауларды шешудің ең озық халықаралық стандарттарын енгізуге тырысамыз және eJustice жүйесі – АХҚО мен ХТО сотына Еуразиялық аймақта азаматтық және коммерциялық дауларды шешудің таңдаудың бірінші нөмірі болуға мүмкіндік беретін біздің соңғы жаңалығымыз».
Сингапурлық CrimsonLogic компаниясының бас директоры Со Кен Йи мырзаның айтуынша, eJustice жүйесі Chrysalis әлемдік кластағы заңды өнімін, бүкіл әлемдегі жетекші елдер пайдаланатын стандартты емес функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамалары бар тексерілген қосымшаны пайдалана отырып құрылған.
«Жүйені рекордтық мерзімде енгізу АХҚО-ның CrimsonLogic компаниясымен тамаша ынтымақтастығының дәлелі болып табылады. Біз АХҚО сот ісін жүргізуді жаңғырту жөніндегі бастамасының бір бөлігі болуға өте қуаныштымыз және жаңа жүйе пайдалануға ыңғайлы әрі оңай болатынына сенімдіміз»,-деп қосты Со Кен Йи мырза.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz
АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.
АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.
Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.