АХҚО сотында студенттердің қатысуымен сот процесі өтті
Биылғы жарысқа қазақстандық бес университеттің студенттік командалары қатысты. Жарыс шеңберінде алғаш рет алдын ала раундтар ұйымдастырылып, оған: М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ-дің, КИМЭП Университетінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ Университетінің, Каспий университетінің командалары қатысты. Ойындық сот процесінің алдын ала раундында жеңіске жеткен екі студенттік команда «Moot Court» жарысының финалына қатысты.
Moot Court – практикалық машықтардың бүтін бір қатарын дамыту мақсатында заңгер студенттердің арасында сот отырысы түрінде өткізілетін атақты заңгерлік жарыс. Жарысқа дайындық барысында студенттер берілген заңгерлік проблеманы талдайды, құқықтың белгілі бір облысын мұқият зерделейді, талапкердің немесе жауапкердің өз позициясын қорғауы үшін жазбаша құжаттарды дайындайды, сонымен қатар тәжірибелі судья-практиктердің алдында өздерінің көпшіліктің алдында сөз сөйлеу машықтарын жетілдіреді. Бұл жолы студенттерге АХҚО сотының аса тәжірибелі судьялары – сэр Робин Джейкоб пен сэр Стивен Ричардстың алдында сөз сөйлеу мүмкіндігі ұсынылды.
Бүкіл процесс «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілінде өткізілді. КИМЭП Университетінің студенттер командасы бірінші орынды иеленіп, «The AIFC Court & IAC Moot Final Winners Cup» арнайы кубогымен марапатталды. Ойындық сот процесінің алдын ала раундын қоса алғандағы барлық қатысушылары АХҚО соты мен ХТО-да тәжірибеден өту мүмкіндігін иеленді.
АХҚО соты мен ХТО Тіркеушісі және аппаратының жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт мырза былай деп мәлімдеді:
«Біз «Moot» жарысымызды екінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз. Ол АХҚО соты мен ХТО-ның биыл біз айтарлықтай кеңейткен, Алматы қаласын қосып, 300-ден аса қазақстандық азаматтарды оқытқан білім беру бағдарламасында маңызды роль атқарады. Және де 2018 жылдан бастап біздің курстарымызға 500-ден аса адам қатысты. Біз АХҚО соты мен ХТО-да қазақстандық заңгерлер мен болашақ құқықтанушыларды жалпы құқық саласындағы тараптардың мүдделерін білдіру үшін қажетті ең үздік халықаралық машықтармен қамтамасыз еткіміз келеді. Тренингтер мен шеберлік сабақтарын біздің судьяларымыз, сонымен қатар Лондон Ситидің, Кембридж университетінің, Лондонның университеттік колледжі мен Дауларды тиімді шешу орталығының (CEDR) жалпы құқық бойынша жетекші академиктері мен тәжірибелі практик-заңгерлері жүргізеді. Қазақстанның келешек заңгерлер қоғамдастығымен сапалы өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жарыстарымызды кеңейтіп, бес университеттің командаларын қосуға мүмкіндік туғандығына біз қуаныштымыз».
АХҚО соты және ХТО ойындық сот процесін Қазақстан Республикасында және Еуразия өңірінде заңгерлік білім берудің дамуын қолдау шеңберінде өткізеді. АХҚО соты мен ХТО білім беру бағдарламасының мақсаты жалпы құқық соттарының стандарттары бойынша, сонымен қатар дауларды альтернативті әдістермен шешу бойынша тренингтер ұсыну болып табылады.
Анықтама ретінде:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz
АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.
АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады.
Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады.