АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығы ресейлік төрелік институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

Мәскеуде АХҚО Сот және ХТО-ның тіркеушісі және аппарат басшысы бүкіл Ресей бойынша заң фирмаларын, тәжірибеші заңгерлер мен академиктерді біріктіретін Ресей төрелік қауымдастығымен (бұдан әрі – «РТҚ») меморандумдарға қол қойды.

Жоғарыда аталған құжаттар Ресейдің заң және төрелік қоғамдастықтары арасында АХҚО соты мен ХТО-ның ынтымақтастығын және өңірлік танылуын кеңейтеді, сондай-ақ өңірдегі коммерциялық дауларды шешу жөніндегі жетекші алаң ретінде екі органның беделін күшейтеді. Құқықтық білім беру және кәсіптік оқыту, зерттеу бастамалары саласында бірлескен жобаларды ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен ақпараттық кампаниялар АХҚО соты мен ХТО-ның ресейлік серіктестерімен ынтымақтастығының негізгі бағыттары болады.

Қол қою процесі Мәскеудегі арнайы бизнес-таңғы ас шеңберінде өтті, оған РТҚ мүшелері, сондай-ақ заң фирмалары мен корпоративтік сектор өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қонақтар өңірдегі төрелік және сот ісін жүргізу үшін жаңа бағыт ретінде АХҚО Соты мен ХТО қызметінің ерекшеліктерімен танысты.

АХҚО Сот аппаратының және ХТО-ның тіркеушісі және басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт былай деп түсініктеме берді:

«АХҚО-дағы дауларды шешу үшін біздің алаңымыз бүкіл өңір үшін ашық. Біз ресейлік әріптестерімізді мойындауға және оларман ынтымақтастық жасауға қуаныштымыз. Біз бұл ынтымақтастық коммерциялық және инвестициялық дауларды шешу үшін дәстүрлі сот ісін жүргізудің экономикалық тиімді баламасы ретінде төрелік қызметімізді ілгерілетуге және дамытуға көмектесетініне сенімдіміз».

Владимир Хвалей, РТҚ Басқарма Төрағасы:

«Қазақстанда жасалған нәрсе мені таң қалдыруда. ХАО және  АХҚО Сотының құрылуы – мемлекеттің әлемдік деңгейдегі сот және төрелік институттарын құру жолмен шетелдік инвестицияларды тартуы бойынша бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы керемет үлгі болып табылады».

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді. www.aifc.kz 

АХҚО соты (AIFC Court) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінің Англия қоғамдық құқығы жүйесінің процедуралары мен алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға негізделген өздерінің процесуалдық нормалары мен қағидалары бар. АХҚО соты өзінің қызметінде ешкімге тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. АХҚО соты бірінші шағымдану соты мен апелляциялық сотынан тұрады. Бірінші шағым соты шағым сомасы шамалы дауларға арналған сот ретінде белгілі арнайы бөлімшеден тұрады.

АХҚО соты АХҚО қызметі мен операциясынан туындайтын дауларды шешуді қамтамасыз етуге арналған айрықша юрисдикцияға ие, ол бойынша барлық тараптар АХҚО сотын пайдалану туралы жазбаша келісімге келді. Алайда АХҚО соты қылмыстық немесе әкімшілік сипаттағы кез келген дауға қатысты юрисдикцияға ие болмайды. АХҚО соты істерді қарастыруда барынша тиімді және алдыңғы қатарлы практиканы қолданады. 

Халықаралық төрелік орталық АХҚО (AIFC International Arbitration Centre) тәуелсіз заңды тұлға болып табылады. Оның өзінде жетекші халықаралық практика негізінде құрастырылған меншікті өзінің процедуралық ережелері бар. ХТО мұнай-газ, сауда, құрылыс, энергетикалық, ислам қаржысы саласы, банк саласы мен авторлық құқықты қорғау саласы сияқты коммерциялық құқық салаларында төрелік пен медицация да жылдар бойына бірлесіп жинағын тәжірибелі, біліктілігі жоғары төрешілер мен медиаторлардан құралған өз алқасына ие. Халықаралық Төрелік орталық шешімдері Қазақстанда да, сонымен бірге әлемде де танылып орындалады. 

AIFC AI assistant