Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті бизнес үшін ашық
Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі Астана Халықаралық қаржы орталығы комитеті (қысқартылған атауы АФСА) өз қызметінің іске қосылғанын ресми түрде хабарлайды.
АФСА-ның Бас директоры Стивен Глинн (Stephen Glynn) мырза атап өткендей, АФСА қызметінің басталуы Қазақстандағы қаржы саласы мен капитал нарығындағы маңызды оқиға болып табылады. АФСА Еуразиядағы бүкіл әлемге сыйлы қаржылық қызметтер мен нарық каиталын реттеуші болуға ұмтылады.
АФСА -ның мақсаты халықаралық стандарттарға сай келетін және іс-әрекеттің жоғары стандарттарына кепілдік беретін нормативтік-құқықтық базаны ұсыну, сондай-ақ инвесторлардың сенімділігі мен бизнеске деген сенімді қамтамасыз ету үшін қауіпсіз инвестициялық орта құру болып табылады.
АФСА -ның негізгі басымдығы – бизнеске деген достық қарым-қатынас және оның өркендеуі үшін экожүйе құру. Реттеудің жалпы мақсаты – инвесторлар мен тұтынушыларға бірдей қатысты ережелерге сәйкес адалдық пен ашықтық қағидалары негізінде әл-ауқат құру.
AFSA қаржылық қызметтердің кең шоғырын, соның ішінде инвестициялар мен активтерді басқаруды, privatebanking, қорларды басқару және әкімшілдендіруді, кастодиалды қызметтерді, исламдық қаржыландыруды және басқа да қызмет түрлерін, сондай-ақ өкілдік кеңселерінің жұмысын лицензиялайды.
АФСА, сондай-ақ, қаржылық қызметтер саласына қолдау көрсететін кәсіби қызметтерді де лицензиялайтын болады. Олардың қатарына барлығы бірге көмекші қызметтерді жеткізушілер ұғымына жататын заңгерлер, бухгалтерлер, аудиторлар, несиелік рейтингтік агенттіктер мен кеңесшілер кіреді. Кеңес беру қызметтеріне IT, Қаржылық технологиялар және басқа да қолдау көрсетуші қызметтер жатады.
Лицензия негізінде қаржылық қызметті іске асырғысы келетін мекемелер тез арада АФСА-ға жүгіне алады.
Қаржылық немесе көмекші қызметтерді жеткізушілер ретінде тіркелетін компаниялар АХҚО-мен жасалған уағдаластыққа сай салықтардан босатылатын болады.
Глинн мырзаның сөзіне сүйенеск, АФСА компанияларды тіркеу орнына айналады, сондықтан АХҚО аумағында компания құрғысы келетін кез-келген адам қазірдің өзінде тіркелу үшін АФСА-ға жүгіне алады. Ол сондай-ақ тіркеу үшін қызмет түрлеріне шектеулер жоқтығын да хабарлады.
Глинн мырзаның болжауынша, АФСА-да тіркелген компаниялар өзінің аймақтық және халықаралық әріптестерінің сенімі мен құрметін тудыруы тиіс, себебі олар жаһандық деңгейде танылған корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкес әрекет ететін болады.
Сенім мен сенімділік АХҚО-ның іргетасын құрайтын Ағылшын Жалпы Құқығына негізделген. Ағылшын Жалпы Құқығы қазіргі уақытта дүниежүзі халқының 30%-ы арқа сүйеп өмір сүріп жатқан ең көп тараған құқықтық жүйе болып табылады.
АХҚО аумағында қызметін жүзеге асыруға мүдделі мекемелер мен жеке тұлғалар бірінші кезекте АФСА-дан лицензия алуы тиіс. Тіркеу, лицензиялау туралы толығырақ ақпаратты, АФСА басқаратын жаңа нормативтік-құқықтық актілер мен ережелерді, сондай-ақ заңнамалық базаны АФСА-ның http://afsa.kz веб-сайтынан таба аласыздар.
Өтінішкерлер +7 (7172) 61 3657 телефоны арқылы немесе [email protected] электронды мекенжайына сұрау жолдау арқылы кеңес ала алады.
___________________________________________________________________________________
АФСА АХҚО-ның тәуелсіз реттеушісі болып табылады.
АФСА-ның Бас директоры – қаржылық қызметтер мен капитал нарығын реттеу жөніндегі сарапшы Стивен Глинн (Stephen Glynn) болып табылады. Оның құзырет аясына сондай-ақ корпоративтік басқару, капитал нарығы, екіжақты қорлар, комплаенс бақылау, менеджмент тәуекел, ақшаның ізін жасырумен және алаяқтықпен күрес, құнды қағаздар мен қаржылық қызметтерді реттеу де кіреді. Глинн мырзаның ішкі және трансшекаралық реттеу шеңберінде әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтық қорғау құралдарын қолдануда бай тәжірибесі бар.
Соңғы 13 жылда Глинн мырза Дубай Халықаралық Қаржы Орталығының (қысқартылған атауы DIFC) қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің және DIFC-тің өзінің басқарушы командасында жұмыс істеп, нормативтік базаны жасау жұмыстарына жауап берген. Бұрын ол Австралияның Құнды Қағаздар және Инвестициялар жөніндегі Комиссиясының (Australian Securitiesand Investments Commission) әртүрлі басшы қызметтерінде болған.