АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитеті Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің банктік қадағалау органдары тобына мүше болды
2018 жылдың 26 қарашасында, Абу Даби қаласында өтіп жатқан банктік қадағалау жөніндегі Базель Комитетінің халықаралық конференциясында АХҚО қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінің Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті аймақтық тобының Орталық және Шығыс Еуропа елдері банктік қадағалау органдары тобына (BSCEE) кіру рәсімі орын алды.
АХҚО Комитеті BSCEE-ге мүшелікке кіре отырып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының банктік қызметтер нарығын реттеу және қадағалау саласын Базель комитеті стандарттарына сәйкес келтіруге септігін тигізеді.
BSCEE мүшелері арасындағы өзара ынтымақтастықтың нығайуына Базель стандарттары мен негізгі қағидаларын жүзеге асыру мақсатында ықпал жасап, банктік қадағалау саласында ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар, топ техникалық сипаттамаға қатысты мәселелерді талқылау үшін жоғары деңгейдегі алаң болып, зерттеу, оқыту және білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
BSCEE-ке мүшелікке кіру АХҚО-да банктік қызметтердің сенімді нарығын қалыптастыруда үлкен маңызға ие екені сөзсіз. Банк саласы АХҚО-ның аймақтық қаржы хабына айналу жолында үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, банк секторы экономикалық өсімді ынталандыруда және даму мақсатында капитал ағымын қамтамасыз етуде, қаржы ресурстарын тартуда өте маңызды.
Мұхтар Бөбеев, АХҚО Комитеті бас директорының міндетін атқарушы: «Біз BSCEE құрамына кіргенімізге ризамыз. АХҚО Комитетінің BSCEE қауымдастығына мүшелігі АХҚО-ның даму тарихында үлкен маңыз береді. Банк секторы АХҚО-ның жоғары деңгейдегі басымдылықтарының бірі ретінде қарастырылады, ал BSCEE мүшелерімен әріптестікті бастау АХҚО-ның қаржы хабы ретінде қалыптасуына өз септігін тигізеді», – деді.
Анықтамалық ақпарат:
АХҚО Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Орталық өз қызметін 2015 жылы желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО мақсаты қаржы қызметтері және капитал нарығы саласында инвестиция салу үшін тартымды орта құру мақсатында, оның ішінде, бағалы қағаздар, банк қызметтері және исламдық қаржыландыруды қоса алғанда ел экономикасына инвестиция тарту болып табылады.
AFSA АХҚО тәуелсіз реттеушісі, Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы қызметпен байланысты қаржы қызметтерін реттеу мақсатында құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA АХҚО қаржы компаниялары және нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау және қадағалауды қарастыратын ережелері мен қағидаларын жүзеге асырады.
BSCEE, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің банктік қадағалау органдар тобы. Болгария, Хорватия, Чехия, Эстония, Грузия, Венгрия, Латвия, Литвия, Македония, Молдова, Монтенегро, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Түркия және Украина елдерінің банктік қадағалаушылар органдарынан құралған. BSCEE Төраға, және Техникалық кеңсе және Мүшелердің Конференциясынан құралады.